Оңтүстік Кореяда орман өртеніп жатыр

11 Сәуір 2023, 21:15
877
Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда орман өртеніп жатыр
Фото: Хабар24

Лапылдаған от ел астанасы Сеулден 160 шақырым қашықтықта басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қауіп төнген аудандардан адамдар жаппай көшіріліп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға жүздеген өртсөндіруші жұмылдырылып, арнайы техника тартылды. Өртті сөндіруге екпінді жел мен құрғақшылық кедергі келтіруде. 

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Қытай шекарасында да алапат өрт тіркелді. Тілсіз жау елдің солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды ауданын шарпыған. Қытайдың Төтенше жағдайлар қызметі өрт ошағын сөндіруге бар күшін салып, ондаған құтқарушы жұмылдырылған. 

Мамандар апатқа өңірдегі қуаңшылық себеп болуы мүмкін деп отыр. 

Айта кетейік, осы демалыста тілсіз жау Сухэ-Батор провинциясында да болған еді. Енді лапылдаған от басқа аудандарға тарап жатыр. Шығын көлемі мен зардап шеккендер жайлы мәліметтер анықталуда. 

Өзгелердің жаңалығы