Жыл басынан бері 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

11 Сәуір 2023, 13:35
710
Бөлісу:
Жыл басынан бері 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Фото: matritca.kz

Кәсіпорын басшыларына 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 249 кәсіпорында 11,3 мың жұмыскердің алдында 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 248 нұсқама беріліп, 31,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді, - деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы