Алматыда сауықтыру кабинеті ашылды

11 Сәуір 2023, 18:14
938
Бөлісу:
Алматыда сауықтыру кабинеті ашылды
Фото: Алматы қалалық психикалық орталығы

Алматыда Психикалық орталықта балалардың сөйлеу қабілетін, әлеуметтік дағдыларын дамытуға, физикалық денсаулығын жақсартуға жән т.б қызметін оңалтуға арналған кабинет ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі. 

Орталық директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша сауықтыру кабинетінің қызметі тегін. 

2022 жылғы көрсеткішке сүйенсек, психикалық ауруға шалдыққан балалардың саны 12 % өскен. Мысалы, шизофрения кеселімен ауыратын жасөспірімдердің саны 43 %, ал аутизмнің бойынша дерек 50 % көбейген. Аурудың пайда болуының себебі әртүрлі. Тұқымқуалаушылық, жүктілік кезінде анасының жұқпалы ауруға шалдығуы да түрткі болуы мүмкін. Ал сауықтыру кабинетінде әр маман баламен бір сағат жұмыс істейді. Күніне 4-5 баланың танымдық, зияткерлік деңгейін, сөйлеу қабілетін, әлеуметтік дағдыларды дамытуға, физикалық денсаулықты жақсартуға , эмоционалды жағдайын жақсартуға сауықтыру кабинетінде барлық мүмкіндік бар, – деді орталықтың директоры. 

Алматыда сауықтыру кабинеті ашылды

Қазіргі таңда Алматы қаласында әртүрлі психикалық аурулар анықталған 1823 бала, 503 жасөспірім динамикалық бақылауда тұр. Оңалту кабинетінде психолог, логопед, психолог-жаттықтырушы мамандар сөйлеу дамуы тежелген, аутизм, ақыл-ой кемістігі анықталған және гипербелсенді балалармен арнайы жұмыс істеп, оларға психологиялық кедергілерді еңсеруге көмектеседі. 

Әр балаға шамамен үш сағаттай уақыт жұмсайды. Ал осы уақыт аралығында ата-анасының тынығып, демалып алуына мүмкіндік бар. Айтпақшы, мамандар қажет болса ата-анаға да психологиялық көмек, қолдау көрсетуге дайын. Оларға ерекше баламен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы да дәрістер өткізіледі. 

Айта кетерлігі, бүгінгі күні Алматыда әртүрлі психикалық ауруларға шалдыққан 1823 бала, 503 жасөспірім динамикалық бақылауда тұр.

Өзгелердің жаңалығы