Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов тұрғындарға үндеу жолдады

11 Сәуір 2023, 23:52
669
Бөлісу:
Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов тұрғындарға үндеу жолдады
Фото: gov.kz

Бүгін халық Жаңаөзен қаласының әкімдігіне жиналды. Әкімдік алаңдағы Жаңаөзен тұрғындарына түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға Айбек Қосуақов бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін барлығыңыз әлеуметтік желіден жерлестеріміздің Астана қаласында наразылық акциясын ұйымдастырып, полиция бөліміне жеткізілгені туралы ақпаратты көріп отырсыздар. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, жерлестеріміздің жағдайы жақсы. Оларға қолданыстағы заңнама шеңберінде әкімшілік шара қабылданады. Әкімдік тұрақты негізде қала аумаі видеоүндеуде.

Әкімнің сөзінше, Астанада наразылық білдірген азаматтармен алдын ала келіссөз жүргізілген.

Бұрын тендерден жеңілген компанияда жұмыс істегендерге еңбек жағдайы мен жалақысын сақтай отырып, тендерді жеңіп алған компанияға ауысу ұсынылды.

Бірақ ұсыныс қабылданбады. Қасиетті Рамазан айында мен баршаңызды сабырға шақырамын! Мәселенің мәнін білмей, эмоцияға берілмеулеріңізді және арандатушылардың сөзіне еріп, қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармауларыңызды сұраймын, - деді Айбек Қосуақов.

 

Өзгелердің жаңалығы