Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды

11 Сәуір 2023, 19:25
941
Бөлісу:
Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды
Фото: ҒЖБМ баспасөз қызметі

Бүгін Astana IT University-де ҚРПрезиденті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы және ғылым апталығының аясында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық кеңестің шетелдік мүшелері дәрістерінің мақсаты – тыңдармандарға ғылыми-техникалық тақырыптар бойынша құнды идеялар мен көзқарастарды жеткізу, сондай-ақ Қазақстанда кең ғылыми қауымдастық құру үшін жастарды тарту.

Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды

Іс-шараға Жас ғалымдар кеңесі, университеттердің ғылым жөніндегі проректорлары, ЕҰУ, ҰБО, НУ ғалымдары қатысты.

Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды

Алғы сөз ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Камиль Ақатовқа берілді. Вице-министр кеңес мүшелері дәрістерінің маңыздылығы, олардың Қазақстандағы ғылыми қауымдастығына дүние жүзінің әр түкпірінен келген сарапшылармен білім алуы және өзара әрекеттесуі, сондай-ақ елдегі ғылым мен техниканың ілгерілеуіне ықпал ету мүмкіндіктері туралы атап өтті, -деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрінің баспасөз қызметі.

Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды

Ғалымдар тәжірибелік физика, гендік инженерия және ДНҚ, нанотехнология және адам денсаулығы сияқты маңызды ғылыми білім саласындағы маңызды тақырыптар қозғалды.

Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды

Авторлық дәрістерді Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Фицджеральд Смут III (онлайн); Густав Рози институтының «ДНҚ жөндеу» зертханасының директоры (Франция) Мұрат Сапарбаев; Пурдю университетінің (АҚШ) ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетула Инсепов; Австрия ғылым және технология институтының профессоры (Австрия) Жаныбек Әлпищев; Лос-Аламос ұлттық зертханасының қызметкері (АҚШ) Дияр Талбаев оқыды.

Әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды
Өзгелердің жаңалығы