Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді

11 Сәуір 2023, 12:01
766
Бөлісу:
Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді
PHOTO
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласындағы Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде семсерлесуден ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа 11 өңірдің спортшылары қатысып жатыр. Бірінші күні қылыштасу бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Ерлер арасында 30 үміткер, ал әйелдер сайысында 29 спортшы бақ сынады.

 Ерлер:

1 орын – Тамирлан Қалиев (Абай облысы)

2 орын – Ниязбек Сафинов (Абай облысы)

3 орын – Никита Пономарев (ШҚО)

3 орын – Ғалым Нұрымов (Алматы)

Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді

Әйелдер:

1 орын – София Ақтаева (Алматы)

2 орын – Күлжан Түсіпбекова (Абай облысы)

3 орын – Алина Искандерова (ШҚО)

3 орын – Аяулы Өтеуленова (Абай облысы)

Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді

Ертең қылыштасудан командалық сайыстар өтеді. Одан кейін семсерлесу бәсекесінің үздіктері анықталады. Спартакиада 15 сәуірде аяқталады. Жарысқа қатысып жатқандардың арасында ұлттық құраманың Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Артем Саркисян сияқты үздіктері бар. 

Алматыда семсерлесуден ҚР-ның VI спартакиадасы жалауын көтерді

Спартакиада қорытындысы бойынша олимпиадалық іріктеу турнирлері мен жазғы Азия ойындары сияқты халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама мүшелері белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы