Астана прокуратурасы 160 балаға тиесілі алиментті өндіріп берді

11 Сәуір 2023, 03:15
861
Бөлісу:
Астана прокуратурасы 160 балаға тиесілі алиментті өндіріп берді
Фото: еl.kz

Биыл бірінші тоқсанда елордалық прокуратура 160 балаға алимент алуды қамтамасыз етті, деп хабарлады BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Балалардың пайдасына миллиардқа жуық теңге өндірілген.

Алимент төлемейтіндерге әсер етудің тиімді тетіктерінің бірі - оларды белгіленген жауапкершілікке тарту. Мәселен, екі кәмелетке толмаған баланың әкесі әкімшілік қамауды өтегеннен кейін 2020 жылдан бері жинақталған миллион теңге берешек сомасын дереу төледі.
Биыл 30 борышкер әкімшілік, 3-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Прокуратура 223 борышкерге қатысты іздеу шараларын санкциялап, 800 борышкерге елден шығуды шектеген.

Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы