Все новости за 3 тамыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Ресейдің екі, Қытайдың бір азаматы қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қайтарымсыз грантты мақсатсыз жұмсаған 23 шымкенттік жауапқа тартылды
Шымкентте қайтарымсыз грант алған 23 азамат қаржыны мақсатсыз жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
EGov порталының жұмысы қалпына келтірілді
3 тамызда таңертеңнен бастап ақауға байланысты жекелеген мемлекеттік базалар мен электронды үкіметтің кейбір қосымшалары істен шыққан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тергеу изоляторына поштамен келген телефон тәркіленді
Тыйым салынған затты поштамен жіберген 33 жастағы күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Asar joly» Қостанайда
Шілде айында елордадан басталған «Asar ume» қоғамдық қорының «Asar joly» қайырымдылыққа бағытталған бастамасы Қостанай жерінде жалғасын тапты, деп хабарлады Қостанайдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алаяқ Семей тұрғынына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген
Алаяқ Семей тұрғынына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әділет министрлігі заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады
Бүгін Әділет министрлігі дөңгелек үстел форматында «Бақылаушылар қызметін заңнамалық реттеу» тақырыбында онлайн талқылау өткізді.
-
Түлектердің жұмысқа орналасуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор – Көлгінов
Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенатор Азаматтық қорғаныс академиясының жеке құрамымен кездесті
Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауылдағы барлық мәселе кешенді түрде шешілуі тиіс – әкім
Республикалық және жергілікті жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауылдардағы мәселелерді кешенді түрде шешуге күш салу керек.
-
Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды
Ол Нидерландтың Роттердам порт қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік ойындарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аралда балықшылар слеті өтеді
Арал ауданында жылдық қуаттылығы - 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылдық тұрғыннан 69 келі марихуана есірткі тәркіленді
Жамбылдық тұрғыннан 69 келі марихуана есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында 15 мыңнан астам балаға әлеуметтік қолдау көрсетіледі
Облыс бойынша жалпыға міндетті оқу қорынан 15 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетіледі.
-
Қытайда күннің ыстығына байланысты қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды
Қытайда күннің ыстығына байланысты қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтау әуежайы бәсекелестікті қорғау департаментіне қарсы сотта жеңді
Ақтау халықаралық әуежайы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментіне қарсы сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қорғандарды зерттеу барысында қола қазан табылды
Оның беті тығыз қара күйемен жабылған, диаметрі шамамен 40 см, биіктігі 30-дан асады.
-
Zhas project шағын грант беру байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр
Zhas project шағын грант беру байқауына өтініштерді қабылдаудың аяқталуына 7 күн қалды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Дзюдодан Азия чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі
4-7 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жарыста 14 салмақ дәрежесі бойынша (7 ерлер, 7 әйелдер) жеңімпаздар мен жүлдергерлер анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Мектепке жол» акциясы басталды
Бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады.
-
Жастар экологиялық білімін шыңдады
Қазақстанның экологиялық қоры Ақмола облысы Талқара кентіндегі «Боровичок» лагерінің базасында «Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында республикалық тренинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да 97 көлік жанып кетті
Жалпы өрттің шамамен 90 пайызы электр сымдарының тұйықталуынан болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Еліміздің ауыр атлеттерінен кімдер Ислам ынтымақтастық ойындарына қатысады
9-18 тамыз аралығында Кониа қаласында (Түркия) V Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын жаңа санитариялық талаптар бекітілді
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
-
Курчатов маңындағы Ертіс өзенінде атом электр стансасын салу мәселесі талқыланып жатыр
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Балқаш көлі мен Ертіс өзені атом электр стансасын орналастырудың перспектива алаңы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекеттік бақылау жүйесі барынша әділ әрі объективті болуы тиіс – Әлихан Смайылов
Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау салаларын автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
250 жобаға 1 млн теңгеден грант берілмек
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Zhas project шағын грант беру байқауына өтінімдер қабылдайды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматылық дәрігерлер жаңа туған шараналардың жүрегіне ота жасайды
Оңтүстік астанадағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында екі айлық шақалақтың жүрегіне күрделі ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде жұмысқа орналасу көрсеткіші қандай?
Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 296 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
2023 жылы АЭС-ті қай мемлекет салатыны анықталады – Энергетика министрі
Атом электр станциясын қай елдің технологиясы бойынша салатынымыз белгісіз. Бірақ шешім 2023 жылы қабылданады.
-
Елордада есту қабілетін жоғалтқан балаға бірегей ота жасалды
Елордада есту қабілеті нашар 6 жастағы балаға бірегей ота жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде АЭС салу үшін Ресей технологиясы қолданылуы мүмкін
Қазақстан атом электр стансасын салу үшін Ресейдің технологиясын қарастыра ма? Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенатта Қазақстан мен Корея Республикасы парламентшілері кездесті
Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Корея Республикасы Ұлттық Жиналысындағы Парламентаралық достық тобының төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Өскемен көшелерінде QR кітап көрмесі ашылды
Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Биыл 10 мың орынға арналған 35 жатақхана пайдалануға беріледі
Биылғы оқу маусымы дәстүрлі форматта өтетіндіктен студенттерге арналған жатақханаларда орын тапшылығы туындауы мүмкін. Әсіресе ірі оқу орындары көп шоғырланған мегаполистерде бұл мәселе әрқашан өзекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АЭС салуда АҚШ технологиясы қарастырылмайды – Ақшолақов
Қазақстан атом электр стансасын салу үшін АҚШ технологиясын қарастырмайды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырған
Тестілеу басталғалы 35 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақшолақов жол құрылысына керек битум жетіспеушілігінің қалай алдын алатынын түсіндірді
Елімізде жылына 1,2-1,3 млн тонна битум өндірілетін болады. Бұны Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Энергетика министрі Маңғыстау өңірінде салынатын зауыттар туралы айтты
Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы жылдары мұнай-газ өндіріс бойынша ашылатын жұмыс орындарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тұрғын үйлер неге тұралап тұр?
Бұл үшін кім жауап береді?
-
Коронавирустан 2 адам қайтыс болды
Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық Игорь Косолапов биіктікке секіруден Калиде 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдағы күндері жауын-шашынды болады
Синоптиктер республика бойынша 4-6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
-
Нэнси Пелоси Тайвань Парламентінде сөз сөйледі
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайбэйде шенеуніктермен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
-
eGov.kz жүйесінде техникалық ақау шықты
Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
-
Бакуде қазақтың киіз үйі орнатылды
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында Баку қаласының Теңіз жағасындағы бульварында қазақтың киіз үйі орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай қандай жағдайда ядролық қару қолданатынын айтты
Қытай ядролық жағынан өзін-өзі қорғау стратегиясын ұстанатынын мәлімдеді, бірақ бұл ел ядролық қару көлемі бойынша басқа мемлекеттермен бәсекеге түспейді және оны бірінші болып қолданбайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қандастардың көбі қай елден келеді?
Елге 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды
-
Қазақстан мен Кореяның мәдени алмасу жылы аясында қандай іс-шаралар өтіп жатыр
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Innova Gold қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей байланысты – сенатор
Сенатор Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысында ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайымен танысты, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елордада бос жұмыс орындарының жалпықалалық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Бүгінгі валюта бағамы
Ұлттық банктің валюта бағамына қатысты дерегі жарияланды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Алматыда бұқаралық веложарыс өтеді
Қала тұрғындары мен қонақтары баратын жеріңізді алдын ала жоспарлап алыңыздар
-
Отандық ғалымдар Германияда тағылымдамадан өтеді
Отандық ғалымдар Германияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтеді
-
«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды
Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі
-
Бір тәулікте коронавирус инфекциясы 2661 адамнан анықталды
Қазақстанда 2 тамызда коронавирус инфекциясы 2661 адамнан анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегіведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
-
Сәрсенбі, 3 тамызға арналған ауа райы болжамы
3 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
-
Хорватиядағы орман өрті қалаға қауіп төндіріп тұр
Хорватиядағы орман өрті Водице қаласына қауіп төндіруде. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар сарбаздар және арнайы ұшақтар тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу облысында көлік апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
Достық стансасы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында 1-сыныпқа түсу үшін 17 мың өтініш қабылданды
Елімізде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Қарағанды облысында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 17 мың өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облыстық ПД бастығы жаңадан тағайындалды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Батыс Қазақстанда жаз шыққалы 15 адам суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысында шомылу маусымында 15 адам суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да адам қаққан жүргізуші іздестіріліп жатыр
Оқиға Ұлан ауданындағы Айыртау ауылының маңындағы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Астана» қаржы орталығының салық саясаты әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді
«Астана» халықаралық қаржы орталығының салық есептерінің ашықтығы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық академиялық кітапханаға жаңа директор тағайындалды
Ұлттық академиялық кітапхананың директоры ауысты. Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева Ұлттық академиялық кітапхананың директоры болып тағайындалды.
-
Таразда жалған адвокат ұсталды
Таразда полицияға арызданған әйел адвокатының алдап кеткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Наверх