Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын жаңа санитариялық талаптар бекітілді

3 Тамыз 2022, 16:34
898
Бөлісу:
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын жаңа санитариялық талаптар бекітілді

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 маусымдағы № ДСМ-67 бұйрығымен жаңа «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді, бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Осы күннен бастап «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығының күші жойылады. 

Жаңа санитариялық қағидалар: 

1) коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыруға, күтіп-ұстауға, пайдалануға қойылатын; 

2) қонақүй қызметін көрсететін объектілерге, моншалар мен сауналарға, шомылу-жүзу бассейндеріне, аквапарктерге қойылатын; 

3) кір жуу орындарына, химиялық тазалауға қойылатын; 

4) халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын; 

5) спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық объектілеріне қойылатын; 

6) жаппай демалу орындарына, қоғамдық дәретханаларға қойылатын; 

7) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы