Энергетика министрі Маңғыстау өңірінде салынатын зауыттар туралы айтты

3 Тамыз 2022, 12:51
1823
Бөлісу:
Энергетика министрі Маңғыстау өңірінде салынатын зауыттар туралы айтты
Фото: BAQ.KZ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы жылдары мұнай-газ өндіріс бойынша ашылатын жұмыс орындарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр маңызы бар үш компания әлеуметтік нысандар құрылысы аясында екі мыңға жуық  нысан пайдалануға берілгеннен кейін 600-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашатынын атап өтті.

Қазмұнайгаз компаниясы 2024 жылға дейін «1-кезек. Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейтуді жоспарлауда, оның шеңберінде 938 жұмыс орны ашылады. 2023-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы Тоқымақ кен орнында теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жоспарланып отыр. Мұнда құрылыс кезінде 242 жұмыс орны, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін 116 жұмыс орны ашылмақ, - деді Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңындағы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Энергетика министірің мәлімдеуінше, 2022 - 2024 жылдарға қарай Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу кезінде 361 жұмыс орны құрылатын болады.

Министрлік тек  отын-энергетикалық кешен салаларында ғана емес, экономиканың аралас салаларында да жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударады. Біз барлық жоспарланған жобаны іске асыру бойынша мүдделі тараптармен кешенді жұмысты жалғастыратын боламыз, - деді Болат Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы