Zhas project шағын грант беру байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр

3 Тамыз 2022, 17:46
1567
Бөлісу:
Zhas project шағын грант беру байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Zhas project шағын грант беру байқауына өтініштерді қабылдаудың аяқталуына 7 күн қалды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байқау процедуралары өткеннен кейін жеңімпаздар жарияланады. Біздің жобаның аясында арнайы оқыту қарастырылған. Онда біз жеңімпаздарымызға ЖК-ны (ИП) қалай ашатынын немесе ЖШС-ны қалай тіркейтінін үйретіп, оларды әлеуметтік кәсіпкерлік, жобалық менеджмент ұғымдарымен таныстырамыз. Яғни біз жобаның тұрақты болуын көздейміз. Жоба жүзеге асырылатын  үш ай аяқталған соң біздің қатысушыларда жобаны ары қарай алып кететін, жетілдіретін білім болады, - дейді «Жас ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымы төрайымы Динара Сәдуақасова.   

Zhas project жобасының Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша серіктес ұйымының төрайымы екі облыс бойынша бүгінде 31 өтініш келіп түскенін де айтты. Оның 20-сы Қарағанды және 11-і Ұлытау облыстарына тиесілі. Ал бұл облыстар бойынша берілетін грант саны – 63.

Егер сіз 18-ден 28-ге дейінгі жас аралығында болсаңыз, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында үш айдан артық уақыт тұрып жатсаңыз, өзіңізге жауапкершілік алып, жаңа идеялар ұсынуға дайын болсаңыз және бір дүниені жақсы жаққа өзгерткіңіз келсе, біздің жобаға қатысыңыз. Өтініштерді қабылдаудың аяқталуына 7 күн қалды, - деді ол.  

Zhas project шағын грант беру байқауына өтініш қабылдау жалғасып жатыр

«Қазақстан жастары конгресі» қауымдастығының атқарушы директоры Тоқтар Болысов жастар грантты ұтып алса, онымен қалай жұмыс істеймін деп қорықпау керек екенін айтты. 

Әрбір грантты жеңіп алған адам үшін кеңесшілер, сарапшылар жұмыс істейді, оқу бағдарламасы бар. Онымен қоса, Zhas project жобасында әрбір облыста тәлімгерлер бар. Яғни әр 3 қатысушыға жоба аяқталғанша жетекшілік ететін 1 тәлімгерден беріледі, - деді ол.          

Өзгелердің жаңалығы