Батыс Қазақстанда жаз шыққалы 15 адам суға батып кетті

3 Тамыз 2022, 04:43
1188
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жаз шыққалы 15 адам суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында шомылу маусымында 15 адам суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 6 бала бар.

Қайтыс болғандардың бесеуі мас күйінде суға түскен, жалпы 13 адам суға түсуге арнап жабдықталмаған жерде шомылған. Тағы 2 адам шомылуға рұқсат етілген орында батып кетті.

Облыстық ТЖД өңір азаматтарына жабдықталмаған және тыйым салынған жерде шомылу фактілеріне кез болған жағдайда 51-42-22 нөміріне немесе 112 қызметіне хабарлауын өтінеді.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, – деп ескертеді департамент.

Өзгелердің жаңалығы