Курчатов маңындағы Ертіс өзенінде атом электр стансасын салу мәселесі талқыланып жатыр

3 Тамыз 2022, 16:20
1790
Бөлісу:
Курчатов маңындағы Ертіс өзенінде атом электр стансасын салу мәселесі талқыланып жатыр

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Балқаш көлі мен Ертіс өзені атом электр стансасын орналастырудың перспектива алаңы екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.⠀

Балқаш көлі - еліміздегі бірінші атом электр стансасы орналасатын жер. Егер Қазақстан көміртек бейтараптығын таңдаса, онда бірнеше зауыт салудан басқа жол жоқ. Ертіс - болашағы зор алаң. Бірінші станса құрылысы сәтті басталса, Қазақстанда қанша АЭС болады деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе бойынша талқылау жүріп жатыр. Қазақстандағы екінші АЭС Ертісте Курчатов қаласының маңында пайда болуы мүмкін деп ойлаймын. Биылдың аяғы - келесі жылдың басында нақты ақпарат енгіземіз, - деді Жандос Нұрмағанбетов ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы