ШҚО-да адам қаққан жүргізуші іздестіріліп жатыр

3 Тамыз 2022, 03:45
1134
Бөлісу:
ШҚО-да адам қаққан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Оқиға Ұлан ауданындағы Айыртау ауылының маңындағы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгісіз біреу түнде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. 35 жастағы ауыл тұрғыны болса жарақат салдарынан көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Тәртіп сақшылары тергеуге қатысты толық ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы