ШҚО-да 97 көлік жанып кетті

3 Тамыз 2022, 17:00
7284
Бөлісу:
ШҚО-да 97 көлік жанып кетті

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 97 көлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алтайньюстің хабарлауынша соңғы оқиғалардың бірі 1 тамызда сағат 22.00 шамасында болған. Өскемендегі Максим Горький көшесінде уақытша тұрақта тұрған «Ваз 2113» маркалы көлік өртке оранды.

Жалпы өрттің шамамен 90 пайызы электр сымдарының тұйықталуынан болады. Сондықтан көліктің электр жабдығының жай-күйін байқап, дер кезінде ауыстырып отыру керек, – дейді төтенше қызмет өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек.

Өзгелердің жаңалығы