«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

3 Тамыз 2022, 09:05
1760
Бөлісу:
«Super Bol!» Қазақстан ұлттық құрамасының аңыздарымен ойнайды

«Super Bol!» әлеуметтік-футбол жобасының ойыншылары 7 тамыз күні Алматының Орталық стадионында, Қазақстанның 2006-2008 жылдардағы құрамына қарсы ойынға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Матчқа арнайы түрде нидерландтық маман Арно Пайперс келеді. Бұдан бөлек, аталмыш кездесуге мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо келеді. 

Финалдық іріктеудің жеңімпаздары бір ай бойы Талғардағы ұлттық құраманың базасында дайындалып жатыр. 

Әр апта сайын жігіттер жолдастық кездесулерді өткізуде. Бірақ, олар үшін, бала кездегі кумирлеріне қарсы ойнау - нағыз емтихан. Жоба Freedom Broker инвестициялық компаниясының қаржылық көмегімен, және ҚР Президенті жанындағы Dara дарындыларлы қолдау қорының бастамасымен жүргізіліп жатыр. 

Қазақстанның аңыздар құрамасында алаңға Самат Смақов, Давид Лория, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Карпович, ағайынды Азовскийлер, Фархадбек Ирисметов, Дмитрий Бяков, Александр Кучма, Максим Жалмагамбетов, Қайрат Әшірбеков, Данияр Мұқанов, Сергей Бойченко, Юрий Новиков, Игорь Солошенко, Руслан Балтиев, Эдуард Сергиенко, және де ұлттық құраманың 2006-2008 жылғы үлгісінің басқа да ойыншылары шығады. 

Бұрынғыдағыдай, ардагерлердің бас бапкері Арно Пайперс болмақ. Матчтың шоқ жұлдызы, мадридтік «Реал» мен миландық «Интердің» экс-ойыншысы Эстебан Камбьяссо болмақ, әрі ол Қазақстанның жұлдыздар құрамасында өнер көрсететін болады. 

Матч Qazsport арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Бұдан бөлек, матч әлеуметтік тұрғыдан ерекшеленбек. Билеттерден түскен қаржы қайырылымдылыққа жұмсалмақ.

Өзгелердің жаңалығы