Қандастардың көбі қай елден келеді?

3 Тамыз 2022, 11:18
1515
Бөлісу:
Қандастардың көбі қай елден келеді?

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 9 077 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 96,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (69,9%) Өзбекстаннан, 10,3% – Қытайдан, 7,1% – Түрікменстаннан, 4,0% – Моңғолиядан және 8,7% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,9%), Түркістан (9,7%) және Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,2%) және Шымкент (8,0%) қалаларына қоныстанды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны - 60,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші -26,2% және зейнеткерлер - 13,3%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,8%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 46,7%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ының білімі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы