Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

3 Тамыз 2022, 19:51
1208
Бөлісу:
Елордалық полицей Нидерландыда өткен Дүниежүзілік ойындарда жүлдегер атанды

Ол Нидерландтың Роттердам порт қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілердің Дүниежүзілік ойындарына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

10 күн бойы қалада спорттық жарыстар өтіп, оған 70 елден 10 мыңнан астам қатысушы, оның ішінде Қазақстан өкілдері де қатысты. Қатысушылар спорттың әртүрлі түрлерінен, соның ішінде бокс, кроссфит, жеңіл атлетика бойынша жарысты. 

Бокстан 86 келіге дейінгі салмақта Сәкен Құсайынов екінші орынды иеленді. Елордалық Полиция департаментінің 34 жастағы взвод командирі ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. Полицей-спортшы 9 жастан бастап бокспен айналысады. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше рет ҚР чемпионаттары мен түрлі халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 

Бұл жеңісті мен Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына, сондай-ақ ата-анама, отбасыма және жақындарыма арнаймын, – деді Сәкен. 

Өзгелердің жаңалығы