Аралда балықшылар слеті өтеді

3 Тамыз 2022, 19:21
1811
Бөлісу:
Аралда балықшылар слеті өтеді

Арал ауданында жылдық қуаттылығы - 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, ауданға қатысты тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін арнайы тізімге енгізілді. 

Қазірде аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде тізімге енгізілген көлдердің каналдарын тазалау, қажетті жерлерге гидротехникалық құрылыстарын салу және электр желілерін жеткізу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 

Биыл тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында 3 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарға енгізілді. Аталған жобалар жүзеге асса ішкі нарық толықтай балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ әлеумет арасында жиі қойылатын сауалдардың бірі -«Балықшылар слеті». Алғашында балықшылар слеті шілде айына жоспарланып, нақты ұсыныстар мен дайындық жұмыстары жүргізілген еді. Алайда кейбір мәселелерді ескере отырып слетті аудан орталығына өткізуде жөн көрдік. Яғни, слет күз айында белгіленіп, «Балықшылар» аллеясында өткізу жоспарлануда,- дейді аудан әкімі Серік Сермағанбетов.

Өзгелердің жаңалығы