Алаяқ Семей тұрғынына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

3 Тамыз 2022, 21:20
1687
Бөлісу:
Алаяқ Семей тұрғынына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген

Алаяқ Семей тұрғынына 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Шілде айының соңында Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөлімініе қала тұрғынынан алаяқтық туралы өтініш келіп түсті. 

Өтніш беруші өзінің танысы ұялы телефоны мен сауалнамалық деректерін пайдалана отырып, алдап, оның атына 1 млн теңге мөлшерінде интернет-банкинг қосымшасы арқылы онлайн несие ресімдегенін, сондай-ақ басқа банктен 320 мың теңге сомасына онлайн несие ресімдегенін хабарлады. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы