Все новости за 8 шілде 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Министрлер есептерінің жаңа форматы аясында халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Сонымен қатар бірқатар ауданның білім беру ұйымдарын аралап, білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді.
-
Атырауда 270-ке жуық мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы аумағында 270-ке жуық мас жүргізуші ұсталды.
-
«AMANAT»: Биыл солтүстік облыстарға 6,5 мыңнан астам отбасы көшеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2015-2021 жылдар аралығында Оңтүстік өңірден 10 мың адам Солтүстікке қоныс аударған. 2015 жылы 8 отбасы көшкен болса, ақпараттық-насихаттың нәтижесінде көрсеткіш жылдан-жылға артты. Мәселен былтыр 3611 мүшесі бар 800 отбасы теріскейлік атанған.
-
Алматылық неонатологтар халықаралық оқудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында «Неонаталды қарқынды терапиядағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша 5 күндік халықаралық кластағы симуляциялық тренинг аяқталды.
-
Қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, сағат 13-00-де Зеренді ауданының Ақадыр ауылында екпіні 23 м/с-қа дейінгі қатты желдің салдарынан жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 8 жеке тұрғын үйдің шатырлары ішінара бұзылды.
-
Ауыл тұрғындары мен балалар үшін кәсіби тексерістер тізімі кеңейтілді – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарын профилактикалық тексеру қызметтерін кеңейту туралы бұйрықты бекітті.
-
Смайылов Қарағанды облысын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
-
Тауарларды қадағалау тетігі түсіндірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған дейін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің әзірлеп жатқан пилоттық жобасы туралы мақалалар жарияланған болатын.
-
Велошабандоз «Тур де Франс» кезінде көрерменге соғылып, мойнын сындырып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Итальяндық TotalEnergies командасының велошабандозы Даниэль Осс «Тур де Франс-2022» кезінде көрерменге соғылып қалды.
-
Қызылордада сотталғандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада сотталғандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Арнайы операцияның нәтижесінде есірткі жеткізу арнасы жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында және ұзақ уақыт бойы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде елорда аумағына аса ірі көлемде есірткі заттарын жеткізіп, сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.
-
Кәсіпкерлер кедендік төлемдер мен салықтардан жалтаруға тырысқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлер заңмен белгіленген кедендік төлемдер мен салықтардан жалтаруға тырысты.
-
Сотталғандар кәсіби курстардан өтіп, мамандық алып шығып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотталғандар кәсіби даярлық курстарын меңгеріп, білікті маман денгейіне дейін өсіп жатыр. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі хабарлады.
-
Қарағандыда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 11 жастағы бала қала орталығында салынып жатқан ғимараттағы лифттің шахтасына құлап кетті.
-
Жолаушылар пойыздарына тексеру жүргіліп жатыр – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолаушылар пойыздарында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында арнайы тексеріс жүргізілуде.
-
Әскери қызметшілер мамандық бойынша дайындықтан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштерде мамандық бойынша оқытудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл әр оқу кезеңінің басында өткізілетін әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.
-
Президент Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэнің қастандық әрекет салдарынан қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
-
Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам марихуана табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан астам кептірілмеген марихуана табылды.
-
ШҚО-да жүрген 5 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдіктердің көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде.
-
Әлемде маймыл шешегі ауруынан тағы екі адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
-
Тоғжанов "Арт Спорт туралы": Балалардың мүддесі бірінші орында тұруы керек
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Ол қаладағы әлеуметтік нысандарды аралап, оған қоса зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
-
Биыл елорда күніне 5 есе аз қаражат жұмсалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.
-
Бірқатар елде коронавирустық шектеулер қайта енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айының басында COVID-19 аурушаңдық көрсеткіштерінің өсуіне байланысты бірқатар елдердің билігі коронавирустық шектеулерді қайта енгізуде.
-
Халық қалаулылары өз уәдесін берді
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Бейімбет Майлин ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Альберт Рау мен Самат Акишев жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен жүздесті.
-
Елімізде турникке тартылудан фестиваль өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде алғаш рет, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен, 10 шілде мен 8 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді.
-
Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қуаттылығы жылына 120 млн дана кірпіш шығара алатын «SG BRICK» кірпіш зауытының ашылуына қатысты.
-
Бір млн-нан астам қазақстандық тойып тамақ ішпейді: ДСМ аталған ақпаратқа жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір млн-нан астам қазақстандық тойып тамақ ішпейді және олардың басым көпшілігі қалалық жерде тұрады.
-
Елордада көлемі 20 гектар саябақ салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында BAQ.KZ ақпарат агенттігі журналисінің сұрағына жауап беру барысында айтты.
-
Жасөспірімдер "Елорда кубогын" сарапқа салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтанда 2012, 2013 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында "Елорда кубогі" қалалық ашық футбол фестивалі өтті.
-
«Ашық үкімет» интернет-порталдары қандай қызмет атқарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет пен қоғам іс-қимылдарын талдау және бағалау басқармасының басшысы Абылайхан Молдабеков «Ашық үкімет» интернет-порталдарының міндеттерін және қандай қызмет атқаратынын айтып берді.
-
Диетолог 50 жастан асқан адамдар міндетті түрде жеу керек тағамдарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог Молли Хембри брокколи, асжапырақ, мангольд, кейл қырыққабаты мен романо аскөгін 50 жастан асқан адамдар міндетті түрде жеуі керек деп санайды. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.
-
Әлихан Смайылов: жаңа жобаларды іске асыру моноқалаларда өмір сүру сапасын өзгертеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Саран қаласының индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты.
-
Жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.
-
ҚСЗИ-да білім мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Білім және ғылым мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті.
-
Елімізде күнбағыс дәндерін сыртқа әкетуге шектеу енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы аумағынан күнбағыс дәндерін әкетуге квоталар енгізілуде.
-
Павлодарлық санитарлық дәрігерлер денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды атады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық санитарлық дәрігерлер алты ай ішінде 1600-ден астам азық-түлік түрінен сынама алып, сараптама жүргізді.
-
Байқоңыр мен Есіл аудандарында газ құбырының құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында елорданы газдандыру қалай жүріп жатқанын қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді.
-
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салу мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бейнеконференция форматында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.
-
Мәжіліс депутаттары құрылыс нысандарын аралады
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл жыл аяғына дейін Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Нәтижесінде 400-ге жуық пәтер тұрғындарға пайдалануға беріледі.
-
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалған еді.
-
Елімізде алдағы үш күнде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер республика бойынша 2022 жылғы 9-11 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады.
-
Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері шілде айында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжап отыр.
-
Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды.
-
Сауд Арабиясында қажылық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Миллиондаған адам барша мұсылманның киелі мекені – Мекке қаласында алғашқы намаздарын оқыды.
-
«Birgemiz» платформасында ҮЕҰ-дан ұсынымдарды қабылдау жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2023 жылға арналған әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты ұсыныстарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
-
Бірінші кезекте қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек- Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов Теміртау қаласының өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралады.
-
ТЖД өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамераларды пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаев мәлімдеді.
-
Алматыда 250 реанимациялық орын дайындалды – Тоғжанов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс сапарымен Алматы қаласына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
-
Жасанды көлі бар саябақ ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды.
-
Киікке қарсылығымыз жоқ, бірақ жерді қоршауға үкімет субсидия берсін - шаруа
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үстіртте киік аз деп отыр, батыстағы жануарды сол жаққа көшірейік. Болмаса зардап шегіп отырған адамдардың шығынын өтеп берсін. Біз мемлекеттен көп қаражат сұрап отырғанымызы жоқ, тым болмаса салықтық жеңілдік берсін немесе өз егістігін қоршау үшін субсидия берсін.
-
Петропавлда ЖЭО-2 апатына байланысты ТЖ жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ЖЭО-2 апатына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
-
Павлодарда Құрбан айт қарсаңында мешіттер ашылады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Құрбан айт мерекесі қарсаңында жаңа мешіт бой көтерді. Алла үйі облыс орталығынан шалғай жатқан Аққулы ауданының Шақа ауылында ашылды.
-
Транскаспий бағыты бойынша мұнай тасымалдауға арналған жаңа танкерлердің жобасы әзірленіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС директорының орынбасары Сәкен Сағатұлы айтты.
-
«ZHASTALAP» ақпараттық-танымдық Telegram арнасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық колледждердің студенттері үшін ақпараттық-танымдық Telegram арнасы мен «ZHASTALAP» чатын іске қосты.
-
Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде оқ атуға бұйрық берілді ме? Өзбекстан елшісі жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Нүкістегі тәртіптсіздіктер туралы брифингте айтты.
-
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне қастандық жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды.
-
Нүкістегі тәртіпсіздік. Ұсталғандардың ішінде өзге елдің азаматтары бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.
-
Алматы облысында минаны залалсыздандыру курсы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы күштерінің минасыздандыру орталығында шетелдік әскери мамандар гуманитарлық минасыздандыру мәселелері бойынша базалық курс өткізуде.
-
Ел азаматтарын Қарақалпақстаннан қайтару бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.
-
Смайылов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.RZ. Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Үкімет басшысы өңірде бірқатар өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, Теміртау және Саран қалаларында жаңа жобалардың іске асырылу барысымен танысады, сондай-ақ жалпы Қарағанды облысының кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді.
-
Министрліктерде Қытайдан әкелінген елтаңба ілініп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы мемлекеттік елтаңбаның жаңа стандартын әзірлеушілердің әрі өндірушілердің бірі Михаил Скачков айтты.
-
Өңірлердегі жемқорлықпен күресудің картасы әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор басшысы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында өңірлердегі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты.
-
Нүкістегі жағдай: Соңғы тәулікте қоғамдық тәртіп бұзу тіркелмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.
-
Үндістаннан келген студент Қапшағайда суға батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістан азаматы Қазақстандағы Қапшағай көлінде суға батып кетті.
-
Өзбекстан елшісі Қарақалпақстандағы диструктивті топтардың әрекеті туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжае Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.
-
Қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері жеке бақылауымда болады – Антикор басшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.
-
Еліміздің азаматтары skills.enbek.kz платформасында оқытылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 22,2 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 14,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды.
-
QR коды бизнеске қалай көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QR кодтардың тауарлар мен қызметтер саласында толық және берік орныққанына бір жыл өтті.
-
Жұмысты бағалау тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек – Бектенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.
-
Қазақстан Болон процесінің тең төрағасы болып сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 1 шілдеде Болон процесіне тең төрағалық етуді Қазақстан мен Чехияға 2022 жылдың соңына дейін өткізу жөніндегі Болон процесі бақылау тобының (BFUG) онлайн форматта отырысы өтті.
-
Смайылов нормативтік-құқықтық базаны артық талаптардан тазартуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
-
Қазақстанда жас журналистер мектебі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жобаға кем дегенде 300 жас қазақстандық қатыса алады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
-
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту проблемалары мен даму перспективалары талқыланды.
-
Елордадағы құрбандық шалу орындары белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы мешіттерде 9 шілдеде таңғы айт намазы оқылады. Нұр-Сұлтан қаласында белгіленген орындарында құрбандық шалу таңғы сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
-
Елімізде тағы 334 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде соңғы тәулікте 334 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
-
Жұма, 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, орталықта, күндіз солтүстікте нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, дауыл тұрады.
-
Алматыда жерге көмілген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Медеу ауданында көмілген қару-жарақтар табылды.
-
Головкин - Канело жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы айқас 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады.
-
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
-
Шымкентте тағы бір аудан құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар «Шымкентте бесінші аудан құру туралы» ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді.
-
Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде.
-
Қызылордада сотталғандардың 71 пайызы жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада ҚАЖ департаментінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – сотталғандарды жұмыспен қамту. Сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды.
-
Түркістанда астық ору науқаны қарқынды жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 851 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды.
-
Зейнет жасын төмендету мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдер қозғалысының (бұдан әрі – Қозғалыс) өкілдерімен бесінші кездесу өткізді.
Наверх