Сотталғандар кәсіби курстардан өтіп, мамандық алып шығып жатыр

8 Шілде 2022, 19:46
1484
Бөлісу:
Сотталғандар кәсіби курстардан өтіп, мамандық алып шығып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сотталғандар кәсіби даярлық курстарын меңгеріп, білікті маман денгейіне дейін өсіп жатыр. 

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің ОВ-156/22 мекемесінің   сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс күнін жазасын өтеп жатқандардың еңбекке жарамды қатарын жұмыс орындарына жіберумен бастайды.

Сондай-ақ жұмыс уақытында қаланың әртүрлі өндіріс орындарындағы сотталғандардың жұмыс жағдайын, техника қауіпсіздігі бойынша күнделікті тексеру, қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Соның бірі  Өскемен қаласында орналасқан  жолаушыларды тасымалдау саласына қатысы бар ең ірі автопарк «РОСТ». 

Сотталғандар кәсіби курстардан өтіп, мамандық алып шығып жатыр

Аталған кәсіпорынмен мекеме, келісім шарт арқылы 10 жылдың көлемінде  жұмыс істеп келеді.  

Сотталғандар тарапынан жұмысқа  орналасу, кәсіби даярлық курстарын меңгеріп қана қоймай,  білікті маман денгейіне дейін өсіп, бостандыққа шыққаннан кейін аталған кәсіпорында жұмысын жалғастырған қатары көп. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің ең басты мақсаты жұмыс сотталғанды ақылы жұмыспен қамту арқылы, мемлекетке келген шығын, алимент және де  атқару парағы бойынша басқада  ұсталымдардың уақытылы төленуі қадағаланады, – делінген хабарламада.
 

Өзгелердің жаңалығы