Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

8 Шілде 2022, 14:53
1281
Бөлісу:
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалған еді. 

Нара қаласының өрт сөндіру қызметі қалалық ауруханаға жеткізілген бұрынғы премьер-министр Абэның жүрегі мен тыныс алуы тотағанын хабарлаған. 

Либералдық-демократиялық партияның бұрынғы басшысы ауыр жараланған деп жазады Kyodo агенттігі.

Синдзо Абэге үгіт-насихат науқаны барысында елдің батысындағы префектура – Нарада көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған кезінде оқ атылған. Белгілі болғандай, полиция күдіктіні оқиға орнында ұстаған. Ол жасы қырықтар шамасындағы ер адам болып шықты. 

Экс-шенеунік бірден ауруханаға жеткізілді. Жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған Абэге шұғыл көмек көрсетілген. Оқиға орнында болған куәгерлер атылған тапанша дауысы мен қанға бөгіп жатқан Синдзоны Абэні көргендерін айтып отыр.  

Өзгелердің жаңалығы