Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде оқ атуға бұйрық берілді ме? Өзбекстан елшісі жауап берді

8 Шілде 2022, 12:13
1512
Бөлісу:
Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде оқ атуға бұйрық берілді ме? Өзбекстан елшісі жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Нүкістегі тәртіптсіздіктер туралы брифингте айтты. 

Қарусыз адамдарға ешкім оқ атпады. Мен бұл сұраққа нақты жауап бердім деп ойлаймын. Әлеуметтік желде оқ ұстаған азаматтардың видеолары тарап жатқанын білемін. Бірақ бос гильзалар да болады. Құқықтық тәртіп орнату кезінде пайдаланылатын құралдар болады. Ол түтін жіберу сынды. Ал адамдарға оқ ату болмады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Прокуратура күш құрылымдарының әрекеті бойынша да тергеу жүргізеді. Ол бойынша қажетті шешім қабылдаймыз. Қазір оқиғаны асықтырып керек емес, - деді Ниязходжаев. 

Сонымен қатар елші әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоларға қатысты пікірін айтты. 

Барлығыңыз қарны жарылған жас жігіттің видеосын көрген шығарсыздар. Оны шеруге шыққандардың бірі деп таратты. Шын мәнінде, ол Ұлттық ұланның қызметкері. Оны ұрып-соққан. Кейін оны тәртіпсіздікке қатысқан адам ретінде көрсеткен. Ол азаматтық киімде жүргендей көрсеткен. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Біз оның барлығын дәлелдеп көрсетеміз, - деді ол. 

Айта кетейік, 25 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан конституциясына референдум арқылы өзгерістер енгізуді ұсынды. Өзбекстан Конституциясына енгізілген түзетулерде Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін және оның республика құрамынан шығу құқығын алып тастау ұсынылған. Бұл өзгерістерге Қарақалпақстан халқы наразы болып шілденің басында Нүкіс қаласында жаппай наразылық ұйымдастрыды.

Осы оқиғалардан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан тұрғындарының пікірін ескере отырып, Өзбекстан Республикасы конституциясының 70, 71, 72, 74, 75-баптарын өзгеріссіз қалдыратынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы