Жапонияның бұрынғы премьер-министріне қастандық жасалды

8 Шілде 2022, 12:06
1420
Бөлісу:
Жапонияның бұрынғы премьер-министріне қастандық жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның экс премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалды. 

Либералдық-демократиялық партияның бұрынғы басшысы ауыр жараланған деп жазады Kyodo агенттігі.

Синдзо Абэге үгіт-насихат науқаны барысында елдің батысындағы префектура – Нарада көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған кезінде оқ атылған. Белгілі болғандай, полиция күдіктіні оқиға орнында ұстаған. Ол жасы қырықтар шамасындағы ер адам болып шықты. 

Экс-шенеунік бірден ауруханаға жеткізілді. Жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған Абэге шұғыл көмек көрсетілген. Оқиға орнында болған куәгерлер атылған тапанша дауысы мен қанға бөгіп жатқан Синдзоны Абэні көргендерін айтып отыр.  Қазір экс-премьердің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы