Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

8 Шілде 2022, 14:05
2356
Бөлісу:
Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада коронавирустың жаңа толқыны басталды. 

Бұл туралы Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) хабарлады, деп жазады Anadolu. 

Аталған агенттік қарт құрлықтың 60 жастан асқан тұрғындарын вакцинаның бустерлік дозасын алуға шақырып отыр. 

Еуропада індеттің қайта өршуіне Омикрон штамының ВА.4 және ВА.5 нұсқалары себеп болып отыр. Шілденің соңында еуропалық елдерде тарала түседі деген болжам жасалды. 

Омикрон штамының аталған түрлері ауру ағымының ауыр өтуіне ұласатыны туралы деректер жоқ. Алайда егде жастағы адамдардың вирусты жұқтыруы ауыр жағдайлардың көбеюіне алып келуі мүмкін. 

ЕМА мамандары әсіресе 60-79 жастан асқан тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе алуға кеңес беріп отыр.  

Еуропада осы жазда коронавирус инфекциясының көбейетінін ДДСҰ бұған дейін хабарлаған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы