Алматыда 250 реанимациялық орын дайындалды – Тоғжанов

8 Шілде 2022, 13:11
1864
Бөлісу:
Алматыда 250 реанимациялық орын дайындалды – Тоғжанов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыс сапарымен Алматы қаласына келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов  қаланың ауруханалары мен емханаларының 70-тен астам бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. 

Кеңесте қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері және Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды. 

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша Алматы қазір "сары" аймақта. Көктемнің басы мен орта шегінде ауру көрсеткіштерінің төмендеуінен кейін қайта жоғарылау үрдісі байқалуды. Осылайша, ауруға шалдығу деректерінің өсуі 0,2%-ке дейін өсті, ал таралу коэффициенті 1-ден жоғары. Жұқтыру ошақтарының ең көп саны Бостандық, Алмалы, Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының аумағында орналасқан. 

Инфекцияның өсу себептері мен көздері-қоғамдық орындарға бару, үй ошақтарындағы, қоғамдық көліктегі, жұмыс орнындағы байланыстар, сондай-ақ вакцинация мен ревакцинация қарқынының төмендеуі.

Тұрғындар арасында індетке шалдығу деректерін азайту мақсатында қала әкімшілігімен вакцинация мен ревакцинация, науқастарды оқшаулау барысын  бақылау, негізгі алдын алу ережелерін сақтау қажеттілігі туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша бірқатар шара қабылданды.

Сонымен қатар пандемияның жаңа толқынына Алматыда қуаттылығы 7000 төсек-орындық қуаты бар, оның ішінде 250 реанимациялық орындық 23 ковидтік клиника дайындалды.

Алматы қаласы әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпованың сөзінше, қалада вакцина алуға тиіс халықтың саны – 1 313 040 адам. 2021 жылдың ақпан айынан бүгінге дейін вакцинаның 1-компонентін 1 228 761 адам, 2-компонентін 1 194 146 адам алған. 2021 жылдың қараша айынан бүгінге дейін  499 043 адам ревакцинациядан өткен. Бүгінге дейін Pfizer вакцинасын алғандар саны – 117 554 адам.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсу жағдайларына, сондай-ақ МСАК жұмысын үйлестірудің, вакцинация мен ревакцинацияны ұйымдастыру маңыздылығына, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус инфекциясы аурушаңдығының кезекті ықтимал өршуіне дайындық деңгейіне назар аударды.

Бүгін қойылған міндеттерді қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бірлесіп талдап, коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды сұраймын, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Кеңес соңында вице-премьер қала басшылығына COVID-19-ға қарсы иммундау науқанын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту қажеттілігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы