Қарағандыда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

8 Шілде 2022, 19:35
1524
Бөлісу:
Қарағандыда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 11 жастағы бала қала орталығында салынып жатқан ғимараттағы лифттің шахтасына құлап кетті.

 Бала тірі қалғанымен, ауыр жарақат алған деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған факт 3 шілде күні сағат 15.14-те орын алған. 11 жастағы бала жарақат алған соң медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың Облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатқанын айтты. 

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты ауыр.

Полиция істің ақ-қарасын анықтап жатыр. Ғимараттың құрылысы әлі бітпеген. Ол жекеменшік нысан болып саналады және пішінді қаңылтырмен қоршалған. Алайда тұрғындар жақын маңдағы үйде тұратын балалар кейде құрылыс аумағына кіріп алып, ойнайды деп отыр.  

Өзгелердің жаңалығы