Нүкістегі жағдай: Соңғы тәулікте қоғамдық тәртіп бұзу тіркелмеді

8 Шілде 2022, 11:06
1155
Бөлісу:
Нүкістегі жағдай: Соңғы тәулікте қоғамдық тәртіп бұзу тіркелмеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев Өзбекстан елшілігі өткізген брифингте айтты.

Нүкісте 1-2 шілдеде ұйымдастырылған жаппай тәртіпсіздік сыртқы күштердің қатысуымен өткен. Жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау органдарының 107 қызметкері дене жарақатын алды. Олардың 23-нің жағдайы ауыр. Жалпы алғанда құқық қорғау органдарының 270 қызметкері әртүрлі деңгейде жарақат алды,- деді Ниязходжаев.

Ол атағандай, құқық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін Өзбекстан конституциясына сәйкес Президент Қарақалпақстан республикасында 3 шілдеден 2 тамызға дейін төтенше жағдай жариялады.

Заңнаманы сақтау мақсатында 2 шілдеде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда Нүкістегі жағдай толық тұрақталды. Сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері, мекемелер жұмыс істеп тұр. Толық көлемде ұялы операторлар мен электр, су жүйелері жұмыс істеп тұр. Соңғы тәулікте қоғамдық тәртіп бұзу тіркелмеді,- деді Ниязходжаев.

Өзгелердің жаңалығы