Биыл елорда күніне 5 есе аз қаражат жұмсалды

8 Шілде 2022, 17:50
1516
Бөлісу:
Биыл елорда күніне 5 есе аз қаражат жұмсалды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты. 

Қала күніне 2019 жылмен салыстырғанда бес есе аз қаржы жұмсадық. Біз жүзден артық іс-шара ұйымдастырдық. Бұл іс-шараларға 120 мыңнан артық қала тұрғыны қатысты. Мұның барлығына бюджет қаржысынан 200 миллион теңге бөлінді, - деді қала әкімі. 

Алтай Көлгінов қазір мемлекет бюджетін бөлудегі көзқарас өзгергенін айтты. Ол өз сөзінде қала халқына мерекелік көңіл күй сыйлау үшін ұйымдастырлған ірі іс-шараның біріне тоқталды. 

Мысалы, «Астана Аренаның» қасында өткен тегін Open air концертке 27 мың адам келді. Екі-үш концерт қана ақылы түрде өтті. Басқасының барлығы тегін болды. Біз қала тұрғындары мерекені сезінуін қаладық, - деді Көлгінов. 

Сонымен қатар, әкім баспасөз конференциясында от шашуға қатысты журналистер тарапынан қойылған сұраққа да жауап берді. 

Қала күніне от шашу жасауды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ ауа райы бойынша қатты жел мен жаңбыр болады деп болжанды. Сондықтан тәуекелге барған жоқпыз. Болжам расталып, қала күнінде кешке шынымен жауын-шашын болды. Ондай ауа райы от шашу жасаудың талаптарына сай келмейді, - деді қала әкімі.   

Өзгелердің жаңалығы