Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

8 Шілде 2022, 17:17
2485
Бөлісу:
Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды
PHOTO
Фото: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қуаттылығы жылына 120 млн дана кірпіш шығара алатын «SG BRICK» кірпіш зауытының ашылуына қатысты. 

Кірпіш зауытының құрылтайшысы – «GPark» ЖШС құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов.

Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Елордада тұрғын үй салу үшін біз барлық құрылыс индустриясын іске қостық: жергілікті зауыттарды да, үй құрылысы комбинаттарын да. Сонымен қатар, темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыттар ашылды. Мұның бәрі қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға, сондай-ақ сапасына нұқсан келтірмей құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл кірпіш зауыты қалаға белгілі бір көлемді отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Құрылыс көлемі бойынша деңгейді сақтап қалу қажет, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Кірпіш зауытының құрылтайшысы – «GPark» ЖШС құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов атап өткендей, компания бұған дейін кірпіштен отандық өнімге қарағанда едәуір қымбат тұратын Өзбекстаннан, Украинадан, Ресейден құрылыс материалдарын жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасаған. Кейіннен бұл компанияның салынған нысандарының шаршы метрінің өзіндік құнына әсер етіпті.

Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Мен біртіндеп импорттан бас тартып, өз зауыттарымды салу туралы маңызды және жауапты шешім қабылдадым. Шаршы метр құнының өсуіне алып келмеуі үшін көптеген құрылыс компаниялары сапалы және арзан құрылыс материалдарын қажет етеді, – дейді Ғабит Сатмағамбетов.

Зауыт Ақмола облысы Аршалы ауданы Волгодоновка ауылының маңында орналасқан. 150 маркалы 2,1 НФ форматындағы сапалы керамикалық кірпіш әлемге әйгілі «Beralmar» компаниясының испаниялық технологиясы бойынша шығарылады. Жылу тасымалдағыш ретінде өндіру үшін табиғи газ пайдаланылады, жылдық қажеттілік – 18 млн текше метр.

Зауыттың жанында оны өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін саздың қызыл және сары жыныстарынан тұратын жалпы ауданы 161 га карьер ұйымдастырылған.

Жылына 120 млн дана кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Кірпіш шығарудан басқа, біз бояу өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Зертханалық жағдайда біз бояулардың бірнеше түрін қолдандық және қазіргі уақытта әртүрлі бояғыштардың тәжірибелі ыстыққа төзімді және су өткізбейтін 27 үлгісін алдық. Менің ойымша, бұл қасбеттік кірпішке өте маңызды балама болады, – дейді Ғабит Сатмағамбетов.

Жаңа өндіріс – бұл жұмыс орындары. Еңбек активінің қажеттілігі шамамен 250 жұмыс орнын құрайды. Жаздың соңына дейін темірбетон бұйымдарын шығаратын тағы бір GPark зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

Анықтамалық:

Жоба бойынша бірнеше кезеңдер қарастырылған:
- Сазды шикізаттан шихта дайындау, оны ұсақтау және Verdes жабдығында араластыру.
- Шикізатты қалыпа келтіру және оны шағын вагондарға автоматты түрде тиеу.
- Beralmar технологиялық желісіндегі пеш арқылы кептіру және күйдіру.
- Күйдірілгеннен кейін кірпіш тиеп әкетуге дайындалады.
- Дайын өнімді қоймаға орау және жіберу.
Тәулігіне кірпіш өнімділігі:
200 000 дана немесе 860 т.

Өзгелердің жаңалығы