Все новости за 24 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО-да 2 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мал ұрлығы» жоспарлы алдын алу шарасы барысында ШҚО аумағында мал ұрлығының 5 фактісі тіркелді, олардың барлығы ашылды. Бұдан өзге бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды, оның ішінде 3 ауыр ұрлық, оның ішінде 7 факт өткен жылдарда жасалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Түркістан облысында ақылы жолдар пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында кей жолдар ақылы болады. Оған Қызылорда, Алматы және Ташкент бағытындағы республикалық маңыздағы жолдар кіреді, деп жазды «Хабар 24».
-
Қызылорда облысында 62 медициналық нысан жаңартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 2024 жылға дейін медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін 62 нысан қайта жаңғыртылады, деп хабарлады аймақтың коммуникациялар қызметі.
-
«Ауылдан шыққан миллионер» кітабының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» атты жасөспірімдерге арналған кітабының тұсаукесері өтті.
-
Құрылыс материалдарының отандық нарығы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық өндірушілер 10 позиция бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін өтейді.
-
Павлодарда қарды дер кезінде тазаламағандарға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер қала аумағында орналасқан ғимараттарды қардан тазарту жұмыстары бойынша рейд жүргізді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
-
Ашаршылық зардаптарын зерделейтін ғылыми зерттеу бағдарламасы әзірленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқы» интерактивтік ғылыми-тарихи картасы ашаршылық нәубетінің зардаптары туралы деректермен толығады.
-
Елордада «Сайра, бұлбұл» онлайн концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда төрінде қала әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық ән» бөлімінің орындауында әнші, композитор, актер, Қазақстанның халық әртісі – Манарбек Ержановтың 120 жылдығына арналған «Сайра, бұлбұл» атты онлайн концерті өтті.
-
Газ құю стансасына шабуыл жасаған қарақшы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада газ құю станциясынан тапанша мен үшкір заттың көмегімен ақша мен талондарды алып кеткен күдікті құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Аштық құрбандарының цифрлық деректер базасы жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1921-1922 және 1931-1933 жылдар аралығында болған Қазақстандағы ашаршылық зардаптарына қатысты бірнеше ұсынымдар қабылданды.
-
Елордада өткен жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Павлодар облысында су басу қаупі бар жерлерден қар шығарылуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында төтенше жағдайлар және коммуналдық қызмет өкілдері көктемгі су тасқыны кезеңіне қызу дайындалуда. Қазіргі уақытта су басу қаупі бар жерлерден қар шығарылуда.
-
Маңғыстау облысында 350 медицина қызметкері вакцинацияланды
Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Шалғай өңірде медицина қызметкерлерін вакцинациялаудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Осы күнге дейін 350 ақ халатты маман екпе алды.
-
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде ел аумағында 1 минут үнсіздік орнайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында 1921-1922 және 1931-1933 жылдар аралығында болған Қазақстандағы ашаршылық зардаптарына қатысты бірқатар ұсыным қабылданды.
-
Азаймаса, көбейіп жатқан жоқ. Вице-министр шаруаларға суды үнемдеу қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысында су мәселесіне қатысты жиын болды.
-
Шалғай ауыл тұрғындарына вакцинация қалай жүргізіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы Нұршай Әзімбаева алыс-жақын елді мекендердегі азаматтарға коронавирусқа қарсы екпе қалай салынатынын айтты.
-
Шешім қабылданды. Бұрын қызметі тоқтап тұрған бірқатар нысанның жұмысы жанданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
-
Үкімет мүшелері қандай екпе салдырады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Үкімет мүшелерінің қашан және қандай екпе салдыратынын айтты.
-
Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
-
Министрліктер ашаршылық зардаптарын қалай зерттейтіні анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1921-1922 және 1931-1933 жылдар аралығында болған Қазақстандағы ашаршылық зардаптарына қатысты бірқатар шешім қабылданды.
-
Карантиндік шаралар жеңілдетілсе, қандай нысандар қайта ашылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қатысты түсініктеме берді.
-
Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ернат Мұхамадиев Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
-
Жамбыл облысында бір жарым келі марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 22-26 ақпан аралығында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Алматылықтар көлікті тағы 1 автоорталықта қайта рәсімдей алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды, деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ.
-
Сот ер адамға 5 жыл бойы үй шаруасын атқарғаны үшін әйеліне өтемақы төлеуге міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай тұрғыны ажырасу кезінде балаларды тәрбиелеп, үй шаруасын атқарғаны үшін «отағасының» компенсация төлеуін талап етті.
-
Елде 2,6 млн кедей адам бар. Сондықтан зейнетақы мен жалақыны екі есеге көбейту керек – депутат
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайлов Премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында ең төменгі зейнетақы мен жалақы, сондай-ақ жәрдемақы мен шәкіртақы мөлшерін екі есеге ұлғайтуды ұсынды.
-
65 жастан асқандарға да вакцина салынатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
-
Елімізде «қызыл» аймақта қалған өңір жоқ – Қиясов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
-
Алматы тауларында қанша қауіпті мориналды көл бар екені айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков онлайн-брифинг барысында Алматы тауларында қанша мориналды көл бар екенін айтты.
-
Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елордадан 38 мың текше метр қар шығарылды. Қалада қар күреу жұмысы кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
ТЖД: Алматы өзендеріндегі гидрологиялық жағдай тұрақты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы баяндады.
-
Шымкентте әкімнің халықпен есептік кездесуі барысында жарық өшіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент әкімінің есептік кездесуі барысында жарық өшіп қалды.
-
Инспектор балалар жол апатына не себепті жиі түсетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе құлаққапты құлағына салып алып, көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады.
-
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті.
-
Бірінші курсқа 200 студент қабылданады, ал 900-і бітіреді. БҒМ ЖОО-лардағы былық туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО сапасына қатысты facebook парақшасында пікір білдірді.
-
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Департамент басшысы елордадағы өрт қауіпсіздігі сақталмайтын нысандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев елордадағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы өткен брифинг барысында айтты.
-
Былтыр 623 өрт болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев елордадағы өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы өткен брифинг барысында айтты.
-
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті.
-
Павлодар облысында қазақ тілін QR-код арқылы меңгеру бағдарламасы іске қосылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде арнайы курстардан өтпей-ақ, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды.
-
Еліміздегі демографиялық ахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қаңтарда еліміздегі халық саны 18,877,1 мың адамды құрады.
-
Сауалнама: Елордалықтар Мұқағали ақын жайлы не біледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл тура 90 жыл толды. Елордалықтар ақын жайлы біледі? Өлеңдерінен хабары бар ма? «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», демекші Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары арасында сауалнама жүргізген едік.
-
Елімізде бірлескен зейнетақы аннуитеті енгізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулер» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек айтты.
-
Халықтан аннуитетті компанияға түскен қаражат талан-таражға түспей ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулер» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нәзия Абрахманова жауап берді.
-
Павлодарда шаңғы жарысы бойынша ел чемпионаты басталды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдыңына арналған чемпионат басталды. Бірнеше күн өтетін байрақты бәсекеге еліміздің 10 облысынан 300-ге жуық жас спортшы қатысуда.
-
Өрт сөндіру-құтқару спорты. Бұл қандай спорт?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында XXІХ қысқы чемпионат,әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионаты өтіп жатыр.
-
ҚазҰУ-дің жері қайда кетті. Депутат оқу орнының аумағы 1,8 гектарға кішірейгенін айтты
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов көптен бері қоғамда резонанс тудырған әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі жер мәселесіне қатысты сауал жолдады.
-
Енді азаматтар 45 жастан зейнетақы аннуитеті шартын жасай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға зейнетақы аннуитеті келісімшарттар бөлігіндегі түзетулер» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының бастығы Сағи Әжібек айтты.
-
Депутат жұмыс істемейтін заңдар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген «AntikorLive» жобасында айтты.
-
Жемқорлықты қойып, өркениетті өмір сүруге көшуіміз керек – Қайрат Құдайберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген «AntikorLive» жобасында айтты.
-
Филиппиндік дәрігерлер Үкіметтің өздерін шикізат ретінде Еуропаға жіберуіне қарсы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппиндік медицина қызметкерлері биліктің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинамен алмастыру үшін бірнеше мың дәрігерді Ұлыбритания мен Германияға жіберуге қатысты ұсынысына қарсы.
-
Жұмыспен қамту орталығы жалақысы жоғары жұмыстарды да ұсынады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің маманы Динара Бейсенова брифинг кезінде орталықта жалақысы жоғары жұмыс түрлері де бар екенін айтты.
-
Өткен жылы Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифингте айтты.
-
Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында ХХІХ қысқы чемпионат, әйелдер арасында VII қысқы чемпионат, жастар арасында VI қысқы чемпионаты өтіп жатыр.
-
Ең қолайлы қала болуы тиіс. Әйтенов шымкенттіктерді күш біріктіруге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы онлайн кездесуінде айтты.
-
Сол кезде бізді сыртқа теуіп, жүдеген жанымызды жараласа қайтер едік...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тарих – ұлттың өткенінің, бүгіні мен болашағының көкжиегін байланыстыратын көпір іспеттес, дейді Қарағанды облысы «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сулим Исакиев.
-
Қашанғы біздің тұрғындарымыз оттың астында қала беру керек? Депутат Маминге сауал жолдады
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев Үкімет басшысының атына соңғы аптадағы қайғылы оқиғаларға қатысты сауал жолдады.
-
Шымкентте карантин кезінде 500 мыңға жуық тұрғынға көмек көрсетілді
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесуінде айтып өтті.
-
Алматыда сирена қосылады - ТЖД
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қалада құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексерілетінін мәлімдеді.
-
Алматыда медициналық қызметтің сапасын арттыру мәселесі қаралды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, медициналық ұйымдарды мамандармен қамтамасыз ету деңгейі, ана мен бала өлімі, онкологиялық аурулардан және қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімге қарсы күрес бөлігінде мегаполистің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.
-
Көшедегі қате-қате жазылатын баннерлерге қатысты заң жобасы қабылданды
Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында көшедегі баннерлерді қатесіз жазуға қатысты заң жобасы қабылданды.
-
ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады, деп санайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клуге.
-
«АрселорМиттал Теміртауға» 500 мың ағаш отырғызу міндеттелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы жақында болған авариялық жағдайға қатысты ақпарат берді.
-
Әділет министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбеталиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды.
-
Бертельсманн қоры: Қоғамды жұмылдыру– жемқорлықты жоюдың басты қозғаушы күші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Бертельсманн неміс қорының аға директоры Штэфан Эмптер бастаған сарапшылар тобымен кездесті, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
-
24 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы 24 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайдың матрицасы жарияланды.
-
Путинцева «Аделаида» турнирінің екінші айналымына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық, әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
СҚО-да биыл 23 көпқабатты үй салынады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл облыс бойынша 3,5 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы, өңірде 340 мың шаршы метр баспана тұрғызу көзделген.
-
56 адамнан пневмония анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
КВИ мен пневмониядан 13 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 24 ақпандағы ақпаратты жариялады.
-
СҚО-да отбасылық есірткі зертханасы әшкере болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі дайындаған отбасын ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Коронавирус: тағы 946 адам індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 946 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 753 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 753 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Боливияда дәрігерлер шеруге шығып, полициямен қақтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Боливия астанасы Ла-Паста медицина қызметкерлері шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Гүлшара Әбдіқалықова Литва елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Литва Республикасының Қазақстандағы елшісі Гинтаутас Васюлиспен кездесті. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Қарағандылық полицейлер донорлық қан тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері донорлық қан тапсыру бойынша акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады – Нәрікбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады. Бұл туралы KАЗГЮУ университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қазақстандық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде мәлімдеді.
-
Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұқбатында жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қашан өтетінін айтып берді.
-
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау гарнизонында корабльдерді орналастыру пунктінің су астындағы диверсияға қарсы қорғанысы мен қорғалмаған рейд мәселелері бойынша үш кезеңдік оқу-жаттығу өткізілді.
-
Анкарада Ұлы даланың ұлы тұлғалары ұлықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Халықаралық Түркі академиясы және Еуразия жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары әл-Фараби, Абай және Жамбыл» атты іс-шара өтті.
-
Үш облыста бірқатар жол жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында боранға байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасы.
-
Елордада «Өнер тынысы» концерті өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі оркестрінің әртістері қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал туындылары орындалды.
Наверх