Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент әкімінің есептік кездесуі барысында жарық өшіп қалды.
BaigeNews.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, келеңсіз оқиға Мұрат Әйтеновтің видеоконференция арқылы өтіп жатқан есептік кездесуі кезінде болған.
Белгілі болғандай, студияда жарық өшіп қалған кезде қала басшысы халықтың сұрағына жауап беріп отырған.
Жарық өшіп қалғанына қарамастан Мұрат Әйтенов еш алаңдамай келген сұраққа жауап бере берді.
Еске салсақ, жақында Жамбыл облысы Бердібек Сапарбаевтың халықпен есептік кездесуі барысында мінбердегі елтаңба түсіп қалған еді. Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметов аурухананы аралап жүрген сәтінде шкаф есігі құлап түскен болатын.