Павлодар облысында қазақ тілін QR-код арқылы меңгеру бағдарламасы іске қосылды

24 Ақпан 2021, 14:46
2234
Бөлісу:
Павлодар облысында қазақ тілін QR-код арқылы меңгеру бағдарламасы іске қосылды
Фото: автордан

 

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде арнайы курстардан өтпей-ақ, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге мүмкіндік беретін мобильді қосымша іске қосылды.
 

 

Облыс орталығында «Қазақ тiлi QR-код» жобасы жүзеге асырылуда. Идея авторларының  айтуынша, тілді меңгеру үшін заманауи сандық технологияларды игерген жөн. Мемлекеттік тілде оқуды бастау үшін QR-кодты сканерлеп, «Ана тілі» орталығының сайтына өту керек. Сайтта оқу материалдары орналастырылған.

 

«Сайтта «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік» атты оқулық бар. Сонымен қатар интерактивті тапсырмалар орналастырылған. Түрлі жағдайда қолданылатын сөз тіркестерінің модельдері де көрініс тапқан. Қазіргі уақытта мобильді қосымшаға қызығушылық танытқандар көбейіп жатыр. Тіл үйренушілердің орындаған тапсырмаларын ортақ мәліметтер базасынан көріп отырмыз. Барлығы ашық әрі шынайы. Бұл формат тек тексеру үшін емес, білім алуға да сеп болады. Қателіктер болса, бағдарламада бірден көрінеді», - дейді жоба авторы Шолпан Кинжикова. 

 

QR-код жазылған плакаттар облыс орталығындағы сауда үйлері, қонақүйлер, вокзалдар мен өзге де ірі мекемелерде орнатылған.

 


 

  


 

 

Өзгелердің жаңалығы