Өткен жылы Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

24 Ақпан 2021, 12:09
1598
Бөлісу:
Өткен жылы Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, пандемияға байланысты 2020 жыл ауыр болды. Оған ешкім дайын болмады және халықтың көпшілігін жұмыспен қамту оңайға соқпаған. 

Бұл кезде Жұмыспен қамту орталығына хабарласқандар саны екі есеге өсті. Сәуір айынан бастап 76 мыңдай адам жұмыс бойынша хабарласты. Дегенмен Жұмыспен қамту орталығы 34 855 адамды жұмыспен қамти алды. Оның ішінде 10 958 адам  «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында жұмысқа тұрған,-дейді Иманқұлова.

Қалада 2017 жылдан бері қала тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша «Еңбек» бағдарламасы іске асырылып келеді. Ол үш бағыт бойынша жүргізілуде. 

Біріншісі қысқа мерзімді кәсіби оқыту, өткен жылы бұл бағыт бойынша 1005 адамды 21 мамандық бойынша оқыттық. Екіншісі, кәсіпкерлікті дамыту және гранттар мен несие тағайындау. Өткен жылы 1705 грант пен 154 микронесие тағайындалды. Үшіншісі, Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен еңбек ресрустарының мобилділігін тарта отырып еңбек нарығын қамту,-дейді ол. 

Диляра Иманқұлова 2021 жылы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мен жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлы жүйесін құруды басты мақсат етіп отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы