Жамбыл облысында бір жарым келі марихуана тәркіленді

24 Ақпан 2021, 17:56
1580
Бөлісу:
Жамбыл облысында бір жарым келі марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 22-26 ақпан аралығында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың 8 дерегін анықтады. 

Олардың 5-і – аса  ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсатта емес қолдану.

Сондай-ақ полицейлер екі әкімшілік теріс қылықты: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарының бұзылуын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы  саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады.

22 ақпанда заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы алынды, - делінген хабарламада.

    

Өзгелердің жаңалығы