Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген «AntikorLive» жобасында айтты.
Біздің елде үлкен проблема бар. Ол – кейбір заңдардың жұмыс істемеуі. Заңнамалар бойынша қабылданған нормативтер бар. Бірақ олар жұмыс істемейді. Мысалы, онлайн казиноны алсақ, мен сенаторларға осы сұрақты қойған болатынмын. Синтетикалық есірткі және онлайн казино бойынша неге заңдар жұмыс істемейтінін айттым. Заңда көп дүние жазылған, тек оны Ішкі істер министрлігі қолданбайды, - деді Құдайберген.
Оның айтуынша, жер мәселесі мен қайта тіркеу, рұқсат алу бойынша да осындай проблема бар екенін айтты.
Барлығы ашық екені айтылады. Бірақ онлайн жүгінгенде, қызметкерге жібереді. Ол бір айға созып алуы мүмкін. Бизнес үшін 1 ай дегеніміз өте үлкен мерзім, - деді Қайрат Құдайберген.
Сондай-ақ Құдайберген кәсіпкерлерді ешқашан қорықпауға шақырды.
Кәсіпкерлер жемқорлыққа арыз бергенге дейін өздерін зерделеп алуы керек. Себебі олар көп жағдайда өздерінен олқылық шыға ма деп қорқып жатады. Осы жағдай бойынша да Антикор жұмыс істеуі керек. Құрамның орташа айлығы 500 мың болуы керек. Ал департамент басшыларының жалақысы 1,5 млн теңге болуы керек. Олар өз жұмыстарын жақсы атқарып, жемқорлық жасамауы үшін жалақыны арттыру керек, - деді кәсіпкер.