Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Мал ұрлығы» жоспарлы алдын алу шарасы барысында ШҚО аумағында мал ұрлығының 5 фактісі тіркелді, олардың барлығы ашылды. Бұдан өзге бұрын жасалған 13 қылмыс ашылды, оның ішінде 3 ауыр ұрлық, оның ішінде 7 факт өткен жылдарда жасалған, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Мал ұрлығын жасады деген күдікпен 15 тұлға, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мал және ет өнімдерін тасымалдаған 304 автокөлік тексерілді, 172 шаруа қожалығы мен мал және ет өнімдерін сататын 50-ден астам орын (базарлар, дүкендер, павильондар) тексерілді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Сонымен қатар ветеринария саласында 13 құқық бұзушылық анықталды (ҚР ҚК 406-бабы). Оның ішінде 9 мал және ет өнімдерін тасымалдау үшін, 4 мал және ет өнімдерін сату үшін. Мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 76 ауыл шаруашылығы жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 408-бабы).
«Айыппұл тұрағына» 211 жануарлар қамалды. ШҚО полиция департаменті мал ұрлығын болдырмау үшін малды қараусыз қалдырмауды, қора орындарын қорғау құралдарымен жабдықтауды және егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарлауға кеңес береді, өйткені уақыт өткен сайын ұрланған және қылмыскерлерді табу қиынға соғады.
«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады.