Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр

24 Ақпан 2021, 12:06
1435
Бөлісу:
Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында ХХІХ қысқы чемпионат, әйелдер арасында VII қысқы чемпионат, жастар арасында VI қысқы чемпионаты өтіп жатыр.

Чемпионат 22 ақпанда басталды, 26 ақпанда аяқталады. Бүгін аталған іс-шараның ашылу салтанаты өтті.

Чемпионат ТЖМ министрі Юрий Ильиннің және Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласовтың қатысуымен өтті.

Министр жарысқа қатысушыларды өрт сөндіру-құтқару спорты чемпионатының ашылуымен құттықтады.

Бүгін елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша кезекті чемпионат өтіп жатыр. Бұл - спорт түрі министрлік құрылымының маңызды бір бөлігі. Қазір өз бойларыңыздағы қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды жақсартуға арналған секундтар болашақта адам өмірін құтқарып қалуға септігін тигізері сөзсіз. Бұл құтқарушылардың күнделікті қызметі үшін маңызды. Құтқарушылар көмек қажет еткен адамдарға дер кезінде қолұшын беруге үнемі дайын болулары керек. Әрине, біздің жұмыс тәуекелмен қатар жүреді. Сондықтан сіздердің қабілеттеріңіз бен айналысып жатқан спорттарыңызға көп дүние байланысты. Сондай-ақ көмек қажет еткен адамдардың өмірі де байланысты, - деп атап өтті министр.

Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр

Бүгінгі чемпионатта Қазақстанның болашақ құрама командасына іріктеу жүргізіледі. Олар елді өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында таныстыратын болады.

Былтыр пандемия салдарынан әлем чемпионаты кейінге қалдырылды. Енді биыл бәрі жақсы болса, қыркүйек айында Қарағандыда өтетін әлем чемпионатының ұйымдастырушылары мен қатысушылары қатарында боламыз. Сондықтан жоғары нәтиже, жоғары көрсеткіш көрсеткендеріңізді қалаймын. Бастысы – ол жаңа таныстық, тәжірибе алмасу болуы керек. Жарыс кезінде жарақат алып қалмауларыңызды тілеймін, - деді ол.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс), сонымен қатар КТИ-дан 272 қатысушы, 18 команда өз шеберліктерін көрсетіп, чемпион атағы үшін күресіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы