СҚО-да отбасылық есірткі зертханасы әшкере болды

24 Ақпан 2021, 08:41
1551
Бөлісу:
СҚО-да отбасылық есірткі зертханасы әшкере болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі дайындаған отбасын ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, есірткі зертханасы Петропавлдан 120 шақырым жерде Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан.

Есірткі зертханасында синтетикалық "тұз" дайындауға арналған барлық жағдай болған: желдетілетін бөлмелер жабдықталған, колбалар, өлшеуіш ыдыстар, қорғаныш костюмдері мен респираторлар. Қылмыстық кәсіп түрімен бірге тұратын адамдар мен жақын туыстар айналысқан. Есірткі заттары Петропавлда байланыс тәсілімен сатылған. 

Ұстау және тінту кезінде полицейлер дозаларға өлшеніп салынған және сатуға дайын 55 грамм синтетикалық есірткіні тапқан. Көп көлемдегі қаптама материалдары, ұялы телефондар, дәріхана таразылары, жазбалары бар дәптерлер және басқасы тәркіленді. Сондай-ақ, синтетикалық препаратқа ұқсас шамамен 700 грамм ұнтақ зат табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттар сот-химиялық зерттеуге жіберілді.

СҚО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаровтың айтуынша, бұл топты анықтау жұмыстары былтыр қазаннан бері жүргізілген. Бүгінде бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Төрт айыпталушы – екі ер адам мен екі әйел ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы