Все новости за 24 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
#Тәуелсіздік30. «Мәңгілік Ел» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты XXV маусымының ашылу концерті өтті.
-
Елордада жыл басынан бері 4885 тұрғын үй газ құбырына қосылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Нұр Отан партиясының қалалық филиалының Саяси Кеңес отырысы өтті.
-
Өскемен әуежайының жұмысы 1 қазаннан басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО орталығындағы әуежайдың жұмысы 1 қазаннан бастап жандана бастайды. Бұл туралы "Өскемен әуежайы" АҚ президенті Николай Короленко мәлімдеді.
-
Астанада жаңа салынып жатқан үй өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйек күні сағат 19:35-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөліміне Кенесары көшесі, 3а үйінің түтіндеп жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
-
Ердоған Түркия мен АҚШ арасының "тым шіркін-ай" емес екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка мен Түркия арасындағы қарым-қатынас дұрыс бағытта келе жатқан жоқ. 23 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Түркия басшысы Режеп Ердоған осылай деп мәлімдеді.
-
Қызылорда-Жезқазған автожолы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда-Жезқазған жолының мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы өңір басшысы өз парақшасында жазды.
-
«Astana Marathon-2021». Бірнеше көше жабылып, біраз бағдар өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 26 қыркүйек күні «Astana Marathon-2021» өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордада «Нұр» мешіті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алла үйінің ашылуына қатысып, жаңа мешіттің ел игілігіне берілуімен құттықтады.
-
ШҚО-дағы Жауғашты каналында жөндеу жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазсушар» РМК мен оның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы ШҚО Күршім ауданының фермерлеріне суармалы су беру мәселесін шешу үшін өз тараптарынан барлық қажетті шараларды қабылдады.
-
20 күнде 891 мыңнан астам адам АӘК алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 186,2 мың отбасындағы 891,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді.
-
Теңізге шығар жолы жоқ елдердің министрлері БҰҰ алаңында кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалығымен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер тобының 20-шы жыл сайынғы министрлік отырысы онлайн режимде өтті.
-
Сапарбаев: Жол апаттарының 95% жүргізушілердің кінәсінен болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің, құқық қорғау органдары, облыстық департаменттер мен басқармалар, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басшыларының қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңесі өтті.
-
Сенаторлар кедендік әкімшілендіру мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді.
-
"Сіздер де белсенді болыңыздар". 105 жастағы кейуана халықты санаққа қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны Шамбек Рахманова онлайн режимде Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағына қатысты.
-
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігініңқолдауымен «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеудің тұжырымдамалық мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
-
Сағынтаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысын қабылдады
Алматы, BAQ.KZ. Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Кестутис Янкаускаспен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестиция тарту, сондай-ақ адами капитал мен қалалық ортаны дамыту мәселелерін талқылады.
-
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді.
-
Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 246 млрд теңгеден астам қаржыны қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 438 834 өтініші орындалды.
-
Алматыда кёрлингтен әлем кубогы басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда кёрлингтен әлем кубогы – Назарбаев атындағы XX кубок жарыстары басталды.
-
Енді ипотекасын төлей алмағандар үйлерінен айырылмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы қаласының әкімдігі, Банк омбудсмены, банктер мен қоғамдық бірлестіктер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Жамбылда жол апатынан 133 адам қаза тапқан – Жәнібеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтты.
-
Ashyq: Батыс Қазақстанда «қызыл мәртебесі» бар 216 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады. Оның айтуынша, облыс бойынша Ashyq бағдарламасында 3385 бизнес нысандары тіркелген.
-
Таразда «Сергек» қанша жерден орнатылатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.
-
«Қазпоштаға» жаңа төраға келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Серік Болатұлы Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.
-
Батыс Қазақстанда 200 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады.
-
Ұлт жоспары: 100 қадамның 72-сі іске асырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарланған.
-
Чжан Сяо: Күрделі уақытта әлем бір-біріне көмек беруі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо әлемге тараған індетпен бірге күресу керегін айтты.
-
Батыс Қазақстанда 50-ге жуық сынып карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады.
-
СOVID-19: Батыс Қазақстанда індетпен күреске 4,2 млрд теңге бөлінген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады.
-
Қытай елшісі: Қазақстан спортшылары қысқы спорт түрлерінен мықты екеніне сенімдімін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо қазақстандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінен мықты екенін айтты.
-
СOVID-19: Ақтөбеде ПТР сынамасын жүргізетін қанша зертхана бар?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
-
Ақтөбеде 2 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдық сатып алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
-
СOVID-19: Ақтөбеде 10 мыңнан астам адам үй карантинінде отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
-
Қытай Қысқы Олимпиада ойындарына дайын – елші
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайдың Қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтып берді.
-
USAID Маңғыстауда қуаңшылықтан зардап шеккендерге қаржы бөлетін болды
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан зардап шеккендерге көмек ретінде 100 мың АҚШ долларын беретінін мәлімдеді.
-
Ақтөбе облысында коронавирусқа шалдыққан 15 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
-
Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Зұлмат жылдар тарих қойнауына өзіндік сырын ала кеткенімен, қанша адам елге оралмады. Араға жылдар салып, ұрпақтары Отан жолында от кешіп, майдан даласында із-түзсіз кеткен сарбаздарды іздеу жұмыстары қолға алынды. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі осы жүгі ауыр міндетті арқалауға бел буыпты.
-
Пермь университетінде қантөгіс ұйымдастырған студент есін жинады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Пермь университетінде қантөгіс ұйымдастырған Тимур Бекмансуровтың жағдайы жақсарып келеді, ол есін жиды.
-
Украинада жұқпалы індет жұқтырғандар саны күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада жаһандық пандемиямен ауырғандардың саны бір күнде 9 мың адамнан асты.
-
Діни бірлестіктер Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген негізгі мақсаттатарды талқылады.
-
15,4 млн га егіс алқабы орылды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйектегі жағдай бойынша 15,4 млн гектар (96,8%) жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл орылды. Орташа өнімділік гектарына 9,6 центнерден айналып, 14,8 млн тонна астық жиналды. Оның 11,6 млн тоннасы бидай.
-
Бас прокурор Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президентімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хванмен кездесті.
-
Қосшы қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы конкурстың негізінде Қосшы қаласы әкімі Ғайдар Қасеновтің өкімімен Қосшы қаласы «Ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту» ММ басшысы болып Көңбай Айнагүл Көңбайқызы тағайындалды.
-
Азаматтық бастамаларды қолдау: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерде ауылдық жерлердегі Азаматтық бастамаларды қолдау тетігін әзірлеуді тапсырды. Осы ретте тапсырманың қалай орындалып жатқаны туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова айтып берді.
-
COVID-19. Израильде індетті асқындырғандар саны көбейген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде денсаулық сақтау қызметкерлері тұрғындарды жаппай жиындарды шектеуге шақырып жатыр. Себебі елде коронавирустың таралуы өсіп қана қоймай, асқынып ауырғандардың саны көбейген.
-
2022 жылы үйдің бағасы тағы қымбаттауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев келесі жылы үйдің бағасы тағы қымбаттауы мүмкін деген болжам айтты.
-
Президент Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Тәжікстанның Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Аргентинада коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аргентина мемлекетінде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1733-ке жетті. Осылайша, ел бойынша індетке шалдыққандар 5 246 998-ді құрап отыр. Бұл туралы Аргентинаның Денсаулық сақтау министрлігі Twitter-дегі парақшасында жазды деп хабарлайды russian.rt.com.
-
Баспана мәселесі: Мұқтаж адамдар саны тағы 5 млн-ға өсуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев журналистерге берген сұхбатында айтты.
-
Ең нашар экологиялық сценарий қазірдің өзінде бар – сарапшылар
Алматы, BAQ.KZ. Сарапшылар климаттық өзгерістердің теріс салдары – болашақтың мәселесі емес, бұл біздің бүгінгі күніміз деген пікірде. Температураның көтерілуі, апатты орман өрттері, құрғақшылық, атмосфераға қауіпті шығарындылар – бұл жаһандық мәселелер, оларды шешу үшін елдер тез арада күштерін біріктіруі қажет.
-
Профессор коронавирустың ең агрессивті нұсқасын атады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кейбір елдерде вакциналаудың кешігуі коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
-
Талдыкөл тағдыры: Белсенділерді тыңдаймыз ба, тұрғындарды тыңдаймыз ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы уақытта ең көп талқыланған тақырыптардың бірі - Кіші Талдыкөл тағдыры. Жұртшылықтың пікірі шартты түрде екіге бөлінді. Көлді құрғатуға қарсылар және қаланың урбанизациясын қолдайтындар. Тараптардың әрқайсысы өз дәлелдерін келтіреді және өте сенімді болып көрінеді. Ал дұрысы қайсы? Шын мәнінде, көлді бастапқы түрінде жасау керек пе, әлде оны абаттандырып, қаланың көрікті аймағына айналдыру керек пе, әлемнің көптеген дамыған қалалары сияқты «эко-сити» жасау керек пе?
-
Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев тұрғын үй бағасының төмендеуі үшін қандай қадамға бару керегін айтты.
-
СҚО-да кәсіпкер бруцеллезі бар 30-дан астам мал басын рұқсатсыз кіргізген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
300-ден 450 мың теңгеге дейін. Шаймерденов сауыншылардың жалақысы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы СҚО-дағы «Дайындық» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретін халық. Қазақстанда қанша адам пәтерге мұқтаж?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін жаңа бағдарлама қажет екенін айтты.
-
Маман жаңа туған бұзауды қалай аман сақтап қалу керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Дайындық» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
СҚО-да 52 сүт фермасы ашылады – Тасмағанбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы жоқ пәтерлерді жалға берген әйелдер Павлодарда ұсталғанын хабарлады.
-
Алматыда қарулы адам балабақша аумағына кірмек болған
Алматы, BAQ.KZ. Желіде қарулы адамның балабақша аумағына кіруге әрекеттенгені туралы видео тарады.
-
Тасмағанбетов СҚО-да мал шаруашылығы саласында қандай нысандар ашылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.
-
Игита: Футзал әлемінің тарихын жаңарттық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем біріншілігінде алғашқы голын соққан құрама қақпашысы әрі капитаны Игита 1/8 финалдық ойыннан кейін пікір білдірді.
-
Қызайбай VS Лукас. Екі спортшының дауы неден басталды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі қазақстандық спортшы Назым Қызайбай мен Ангелина Лукастың арасында желідегі ашық дау бір айға жуық уақытқа созылды. Дау неден туындағанын шолып беруді жөн көрдік.
-
Алматы марафоны: Демалыс күні қаладағы бірқатар көше жабылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы марафонының ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатындығы туралы хабарлады.
-
Мәжіліс депутаттары терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
-
Біздің жейтініміз бидай ұнынан жасалған тағамдар, онда ағзаға қажетті элементтер өте аз – Шарман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамақтану жайын сөз еткенде ет пен майдың төңірегінде ғана әңгіме болмауы керек, деп жазды медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарман.
-
Елордада кәсіпкерлер салық органдарына шағымдануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада салық органдары кәсіпкерлердің банктік шоттарын негізсіз бұғаттап, олардың заңды қызметіне кедергі келтіруде. Осыған орай кәсіпкерлер палатасы жиын өткізді.
-
Елімізде 504 мыңнан аса жеңіл көлік тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары елімізде 504 мыңнан аса жеңіл көлік тіркелген. Бұл туралы Статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда коронавирус жұқтырған жүзге жуық бала емделіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Қаланың жұқпалы аурулар ауруханасында 2 219 адам ем алып жатыр, оның 98-і бала. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Биыл 11 мыңнан астам қазақстандық шетелдік ЖОО-дан еліміздің университеттеріне ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы шетелде білім алған 11 мыңнан астам қазақстандық еліміздің жоғары оқу орындарына ауысты.
-
Нығматулин Тәжікстан Парламенті милли мажлисінің төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли мажлисі милли мажлисінің төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті.
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлерге ғана емес, сондай-ақ жақын туыстарының көмегінсіз қалған, отбасы ішіндегі жанжалға байланысты қиын жағдайда жүрген қарт адамдарға да арнаулы әлеуметтік қызметтер енді үйде көрсетілетін болады.
-
Қаржы пирамидасын қалай әшкерелеуге болады
Алматы, BAQ.KZ. ІІМ деректері бойынша 2021 жылдың басынан бері қаржы пирамидалары туралы 330 қылмыстық іс тергелді, оның жартысынан астамы сотқа берілді.
-
Ауылда вакцинация паспорттарын 15 мың теңгеге сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 қарсы вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
-
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 5 ақмолалық 650 000 теңгеден астам сыйақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 8 айдың ішінде 37 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
-
Мұғалімдер жылына бір емес, төрт рет біліктілікті арттыру курсынан өтуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәніне қатысқан оқушылар түрлі кәсіп бастаған. Ұстаздар шәкірттерінің жетістігін Ұлттық палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде бөлісті.
-
Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді.
-
Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 2,8 трлн теңгенің өнімін өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының экономикасы қалай дамуда және әлеуметтік міндеттемелер орындалуда. Ол жайлы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек облыстық мәслихаттың кезекті VII сессиясында халық қалаулыларының алдында онлайн режимде есеп берді.
-
Елде 7,4 млн-нан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 24 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 24 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
COVID-19. 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 қыркүйектегі ақпаратты жариялады.
-
3 673 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 3 673 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитте сөз сөйледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
-
Өткен тәулікте елімізде 2537 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2537 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде көш бастап келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты.
-
Елордада мыңға жуық жүргізуші қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол ережесіне бағынбайтын жүргізушілер көбейді. Соның салдарынан жол көлік оқиғасы жиілеген.
-
Қарағанды облысында пойыз жылқыларды қағып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы аумағында, Байқоңыр-РЖД-5 учаскесінде Павлодар-Қызылорда жолаушылар пойызы үш жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Рақымшылық алған мыңдаған адам түрмелерден шыға бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәжікстанда рақымшылық алған шамамен 16 мың адамның алғашқы легі түрмеден шықты.
-
Елордада JAS NOMAD жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Астана жастары» КММ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртуға арналған JAS NOMAD жобасын іске қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жемқорлық туралы хабар бергендерге сыйақы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлық туралы хабар берген төрт адамның әрбіреуіне 204 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов мәлімдеді.
-
Әскери қызметкерлердің жалақысы артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтты.
-
Алматыдағы атыс: Күдікті екі айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ақбұлақ" ықшам ауданында бес адамды мерт қылған қарулы ер адам екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Футзалдан Қазақстан құрамасы Таиландты жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Таиландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Рrosports.kz порталы.
Наверх