Мәжіліс депутаттары терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарайды

24 Қыркүйек 2021, 12:05
2539
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс депутаттар әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.

Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында дайындалды.                                   

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланбақ.

Олар: Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау және осы конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттамаларына қатысты заң жобалары.



Өзгелердің жаңалығы