Таразда «Сергек» қанша жерден орнатылатыны анықталды

24 Қыркүйек 2021, 18:24
3739
Бөлісу:
Таразда «Сергек» қанша жерден орнатылатыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында баяндады.

Биыл Таразда құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында «Сергек» бейнебақылау камералары қойылады. Жоба аясында 450 нысанға 1 250 қоғамдық-тәртіпті бақылау камерасы, 48 жол қозғалысын бақылайтын кешен орнату қаралған. Бүгінгі таңда пилоттық жобаға сәйкес, әуежайдан бастап Президент саябағына дейін 10 нысанда орнатылды. Бұл шараны келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр, - деді спикер.

Жәнібеков ауыр жүк көліктерінің бақылаусыз жүруінен жергілікті маңызы бар жолдардың бұзылуына жол бермеу мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып, тексеру шаралары жалғасып жатқанын айтты.

Жыл басынан бері құзырлы мекемелермен бірлескен рейдтерде 4 608 автокөлік құралы тексерілген. Нәтижесінде 943 әкімшілік хаттама толтырылып, 23,2 млн теңге айыппұл салынды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы