Енді ипотекасын төлей алмағандар үйлерінен айырылмайды

24 Қыркүйек 2021, 18:44
2651
Бөлісу:
Енді ипотекасын төлей алмағандар үйлерінен айырылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы 23 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы қаласының әкімдігі, Банк омбудсмены, банктер мен қоғамдық бірлестіктер арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Агенттіктің мәлімдеуінше, меморандумды әзірлеу ағымдағы жылдың маусымынан бастап жүргізілуде. Сонымен қатар еліміздің барлық аймағына қатысты болмақ.

Меморандумның мақсаты - проблемалық қарыздарды, соның ішінде бағдарлама талаптары бойынша қайта қаржыландырылған несиелерді реттеу бойынша шараларды тараптардың қабылдауы жолымен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің, соның ішінде қосалқы қарыз алушы, кепілгер, кепіл берушінің құқығын қорғау болып табылады, - делінген келісімде.

Меморандум шеңберінде проблемалық қарыздарды реттеу, тұрғын үйден шығару және келісімге келу мәселесін шешу, сондай-ақ қарыз алушының қол жеткізілген келісімшарттарын тиісті түрде орындау кезеңінде банктер:

- талап қою, нотариусқа өтініш жазып, атқару парағын жасау, ипотекалық шарттардан құқықтық қатынастар негізінде туындайтын қарызды өндіріп алу;

- банктің балансында қабылданған тұрғын үйді қоса алғанда, бір тұрғын үйді сату;

- қарыз алушыларды тұрғын үйден, оның ішінде банктің балансында тұрған осы мүліктің бұрынғы иелерінен шығару.

Агенттік хабарланғандай, меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 12 ай бойы жарамды.

Өзгелердің жаңалығы