COVID-19. Израильде індетті асқындырғандар саны көбейген

24 Қыркүйек 2021, 15:21
5852
Бөлісу:
COVID-19. Израильде індетті асқындырғандар саны көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде денсаулық сақтау қызметкерлері тұрғындарды жаппай жиындарды шектеуге шақырып жатыр. Себебі елде коронавирустың таралуы өсіп қана қоймай, асқынып ауырғандардың саны көбейген.

Дегенмен коронавируспен күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаның жетекшісі Салман Зарка оқушылардың мектепке қайта оралуы керектігін айтады. Оның айтуынша, жоғары аурушаңдыққа жол бермеу үшін бұқаралық іс -шараларға қатысушылар санын азайту қажет. Ал балалардың білім алу мәселесінің жөні бөлек.

Мектепте оқушыларды қайта жіберудің оң пайдасы бар. Бірақ қазіргі таңда емханалардағы жағдайды ескере отырып, бұл шешімді қабылдау қиын, -дейді ол.
Сонымен қатар ол барлық мекемелереге еркіндік беруге дайын екенін, алайда медициналық қызметкерлер басқа да ауруларды емдеу керектігін мәлім етті.
Біздің Денсаулық сақтау жүйесі өте стрессті жағдайға ұшырап отыр, - деді Денсаулық сақтау министрі Начман Эш.

Сонымен қатар министрлер кабинетін жиналып, көпшілік жиналыстардың көлемін азайту мәселесін талқыға салды. Оның мәлімдеуінше, вакцинацияланбаған израильдіктер «ауруханаларға ауыртпалық түсіреді», себебі жұқтырған науқастардың көпшілігі толық екпе алмағандар.

Өзгелердің жаңалығы