Әскери қызметкерлердің жалақысы артады

24 Қыркүйек 2021, 02:04
2564
Бөлісу:
Әскери қызметкерлердің жалақысы артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында Оймаша полигонындағы "Отпантау-2021" әскери-оқу жаттығу жиынына барған кезде айтты.

Ақшалай жәрдемақы біртіндеп өсіп жатыр. Биылдан бастап ресми жалақы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда орта есеппен 60%-ға тағы өседі. Әскери қызметкерлердің барлық санаттары үшін баспана мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, қазақстандық әскердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті болып табылады. Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдық беретін бағытының бірі болып табылады. Күшті армия - қуатты егеменді Қазақстан, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Өзгелердің жаңалығы