Алматы марафоны: Демалыс күні қаладағы бірқатар көше жабылады

24 Қыркүйек 2021, 12:20
12916
Бөлісу:
Алматы марафоны: Демалыс күні қаладағы бірқатар көше жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы марафонының ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатындығы туралы хабарлады.

Марафон өтетін жерлерде 25 қыркүйек сағат 6:00-ден 26 қыркүйек 18:00-ге дейін жолдардағы қозғанлыс ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықтан өтулеріне сай жолдар ашылады.

Сөре орны Ресупблика алаңында болғандықтан, Сәтпаев көшесі 25 қыркүйек сағат 9:00-дан 26 қыркүйек 18:00-ге дейін Желтоқсан көшесінен Наразбаев даңғылына дейінгі жол қозғалысы толықтай жабылады.

26 қыркүйек:

- Назарбаев даңғылы бойында Сәтпаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін толықтай жабылады.

- Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 09:30-ға дейін толықтай жабылады.

- Әл-Фараби даңғылы бойында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшісіне дейін қозғалыс 04:30-дан 12:00-ге дейін жартылай жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

- Әл-Фараби даңғылы бойында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай жабық болады, даңғылдың оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

- Саин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс 04:30-дан 13:30-ға дейін жартылай ашық болады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

- Абай даңғылы бойында Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін жартылай жабық болады, көшенің солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

- Байтұрсынұлы көшесі бойында Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

- Сәтпаев көшесі бойында Байзақов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

- Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынұлы көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 14:00-ге дейін толықтай жабық болады.

- Байзақов көшесі бойында Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

- Тимирязев көшесі бойында Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

- Шашкин көшесі бойында Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін қозғалыс 04:30-дан 10:35-ке дейін толықтай жабық болады.

Айта кетсек, 26 қыркүйек күні оныншы мерейтойлы «Алматы марафоны» өтеді. Спорт әуесқойлары келесі қашықтықтар бойынша сынға түседі: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс. 

Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтарына – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасына – 16 жастан бастап.

Сөре уақыты:

07:30 – 42,2 км және Экиден
07:40 – 21,1 км
07:55 – 10 км
08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс.

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Өзгелердің жаңалығы