Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған COVID-19 қарсы вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін дайындау және тарату деректерін анықтау және жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
Агенттік жалған вакцинация паспорттарын берудің 30 дерегінің жолын кесті.
Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті танытатын және осындай деректер туралы хабарлайтын азаматтар маңызды рөл атқарады.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Жамбыл ауданы Аса ауылының емханасында материалдық сыйақы үшін жалған вакцинация паспорттарын заңсыз ұсынғаны туралы шағым түсті. Тексеру барысында департамент қызметкерлері аталған емханада COVID-19-ға қарсы вакцинация паспортын нақты екпесіз 15 мың теңгеге беру дерегін анықтады, - делінген хабарламада.Бұл дерек бойынша барлық қатысы бар тұлғаны анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.