Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

24 Қыркүйек 2021, 17:02
2785
Бөлісу:
Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 80 жыл толды. Зұлмат жылдар тарих қойнауына өзіндік сырын ала кеткенімен, қанша адам елге оралмады. Араға жылдар салып, ұрпақтары Отан жолында от кешіп, майдан даласында із-түзсіз кеткен сарбаздарды іздеу жұмыстары қолға алынды. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі осы жүгі ауыр міндетті арқалауға бел буыпты.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Соған орай Нұр-Сұлтан қаласында «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Ресейдің іздеу қозғалысы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысымен бірлесіп, «Әлемді қорғағандарды есте сақтау, ақиқатты жеткізу» атты халықаралық конференция өткізуде. Президенттік гранттар Қорының қолдауымен ұйымдастырылған игі шара Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуының 80 жылдығына арналған көрінеді.


Мұндай ауқымдағы конференцияны Қазақстан мен Ресей алғаш рет ұйымдастырып отыр. Конференция барысында екі елдің іздеушілері іздеу жұмыстарының қыр-сырымен және ерекшеліктерін, жоспарлары мен бірлескен іс-шараларды талқылайды.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?\

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Ал «Atamnyn Amanaty» бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздарды іздестірумен айналысатын еліміздегі бірден-бір ұйым болып табылады. Олар әскерге аттанып, үйіне оралмағандардың жерленген жерлерін анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады. Сол арқылы ұрпақтың жадында қаһармандардың есімдерін өшірмеуді мұрат тұтып отыр. Бірлестік алғаш рет 2019 жылдың күзінде Қорғаныс министрлігінің атсалысуымен құрылған.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ең қанды соғыс ретінде есте қалды. Себебі жалпы шығын ондаған миллионды құрады. Қазақстанның өзінен ғана майдан шебіне 1,5 миллионға жуық адам шақырылған. Оның 600 мыңнан астамы Отан үшін жандарын пида етті. Ал қалған 271 мыңы хабар-ошарсыз кетті.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Жаңа дәуір алмасып, арада 80 жыл өтсе де, хабарсыз кеткен сарбаздардың ұрпақтары, туыстары әлі күнге күтеді. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі мәртебелі міндетті мойындарына алып, оларды табуға көмектесу үшін жұмыс істеп жатыр. Ұйым ашылғалы Қазақстан азаматтарынан және басқа елдерден 5 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Біздің іздеушілеріміздің жұмысының арқасында 1000-нан астам адамның жерлеу орындары анықталды. Туыстары мен жақындары ата-бабаларының тағдырын біліп, олардың соңғы жерленген жеріне бару мүмкіндігіне ие болды. Естеліктің шекарасы мен уақыты жоқ. Біз үшін аталарымыздың ерліктерін еске алу маңызды, өйткені олар бәрімізге ортақ Отан үшін шайқасты, - деп атап өтті Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Сондай-ақ ол тарихи әділеттілікті, Жеңіс батырларының атын қалпына келтіру ұрпақтарына сын екендігін алға тартты. Бүгінде елімізде далалық іздестіру жұмыстарын 8 іздеу отряды жүргізеді.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

«Ресейдің іздеу қозғалысы» ЖБҚ 2013 жылдың сәуір айында құрылған. Ол далалық, мұрағаттық іздеу жұмыстарымен айналысатын ең ірі ұйым болып табылады. Қозғалыс 45 мыңнан астам әр түрлі жастағы іздеушілерді 1500 іздеу жасағының құрамына біріктірді. 8 жыл ішінде іздеушілердің көмегімен 180 000-ға жуық сарбаз жерленген, 25 мыңнан астам есім орнатылған.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Айта кететін жайт, бірлестікте еріктілер, бей-жай қарамайтын барлық адам мен іздеуші жұмыс істейді. Екі елдің ұйымдары іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізіп келеді. «Atamnyn Amanaty» бірлестігіне жүгініп, соғыстан оралмаған ата-бабасын іздеген ұрпақтарға қызмет тегін.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Бұл халықаралық конференцияның негізгі мақсаты – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан келген іздеушілер мен еріктілердің бірлескен жұмысын ұйымдастыру және өзекті мәселелерді талқылау болып табылады. Біздің бірлескен қызметіміз тарихи естелікті және бүкілхалықтық ерліктің шынайы мәнін сақтауға бағытталған, - деді «Ресейдің іздестіру қозғалысы» ЖБҚ Жауапты хатшысы Елена Цунаева.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Айта кететін жайт, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің барлық елшілігімен 20-дан астам халықаралық келісімшарт жасап үлгерген. Іздеу жұмыстары Мажарстан, Грекия, Италия, Германия, Франция сынды елдерде жүргізілген.

Ата аманаты: Соғыста із-түзсіз кеткен сарбаздарды қалай іздейді?

Өзгелердің жаңалығы