Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды

24 Қыркүйек 2021, 09:34
2696
Бөлісу:
Тоғжанов есірткі қылмысына қарсы ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты тапсырмасын орындау бойынша арнайы кеңес өткізді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Өкінішке қарай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып табылады. Тек осы жылдың өзінде елімізде 8,5% өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге бұл бағытта күресу үшін жүйелі шаралар қажет, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.   

Құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдарға бірқатар тапсыма берілді:  

  • телекоммуникация желісінде, оның ішінде интернет-боттарды және басқа да автоматты бағдарламаларды пайдалана отырып жасалатын есірткі қылмысының жолын кесу;   

  • ️тиімді мемлекеттік және әлеуметтік бақылауды белгілей отырып, нашақорлықтың бастапқы профилактикасының теңгерімді жүйесін құру;   

  • ️есірткіге тәуелді адамдарды емдеу әдістерін жетілдіру, аумақтық сот сараптамасы органдарының мемлекеттік есірткі диспансерлерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту;   

  • ️құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарын анықтау үшін қашықтықтан зондтау жүйелерін пайдалануды кеңейту;   

  • есірткі заттарын шетелден әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.   

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары елдегі есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы жүйелі шаралар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы